AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қан тапсырып, өмір сыйлаңыз

Қан тапсырып, өмір сыйлаңыз

Әлеумет 14.06.2023, 04:22 1,039
Қан  тапсырып, өмір сыйлаңыз
almaty-akshamy.kz

Қан доноры болу – қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосатын батыр болу.


Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Дүниежүзілік донорлар күні алғаш рет 2005 жылы аталып өткен.


Дүниежүзілік донорлар күнін өткізу идеясы қан донорларын тану және алғыс айту, сондай-ақ қауіпсіз қан мен оның компоненттерінің өмірді сақтап қалудағы маңызы туралы хабардар ету мақсатында пайда болды.


Қан донорлары қоғамда маңызды рөл атқарады. Олар қан құюды қажет ететіндердің денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосады. Бұл көптеген адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі және қиындықтар мен ауруға тап болғандарға үміт береді.


Жыл сайын Дүниежүзілік донорлар күні қан тапсырудың нақты аспектілеріне бағытталған ерекше тақырыпқа ие. Осы жылдың басты тақырыбы – «Қан және қан плазмасын тапсырыңыз, өмір сыйлаңыз және оны жиі жасаңыз».


Бұл күні бүкіл әлемде қан тапсыратын адамдар атап өтіліп, алғыс айтылады. Барлық мұқтаж жанды қауіпсіз қан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ерікті өтеусіз тұрақты қан мен плазма донорлығының маңызы зор.



Жыл сайын Дүниежүзілік донор күнінде барлық қазақстандық қан орталықтары мерекелік іс-шаралар, құрмет көрсету, қан донорларына арналған концерттер ұйымдастырады. 40 донацияға жеткен донорлар төсбелгілермен, Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарымен марапатталады. Донациялар саны аз белсенді донорлар да қан орталықтарының грамоталарымен марапатталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#донор #денсаулық #өмір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Кеше 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Кеше 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Кеше 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Кеше 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);