Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездесті.
Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта жартылай финалдар аяқталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Аталған салмақ бойынша сынға түскен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда қарсыласына жол берді. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақаттануына байланысты тоқтатылып, жеңіс АҚШ өкілі Ричард Торреске берілді.
Нәтижесінде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.