AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қалқаман ауруханасы дәрігерлері созылмалы және жіт...

Қалқаман ауруханасы дәрігерлері созылмалы және жіті геморройды шағын инвазивті заманауи әдіспен емдейді

Медицина 07.06.2023, 09:58 3,419
Қалқаман ауруханасы дәрігерлері созылмалы және жіті геморройды шағын инвазивті заманауи әдіспен емдейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

47 жастағы пациенттің бұл сырқатқа шалдыққанына он жылға жуықтаған. Босанған кезде пайда болған аурудың асқынғаны соншалық, соңғы кезде үлкен дәретке отыру үлкен проблемаға айналыпты. Жетінші аурухананың колопроктология бөлімшесі мамандары оған 3-дәрежелі көтеу деген диагноз қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.    


№7 ҚКА баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, эпидуралды жансыздандыру арқылы тік ішекке Лонго операциясы жасалған. Заманауи аппараттың көмегімен жасалған ота сәтті өткен. Пациент үшінші күні ауруханадан шығыпты. Себебі шағын инвазивті ота орны дәстүрлі операцияларға қарағанда тез жазылады, ауырсыну сезімі де әлдеқайда төмен болады. Пациенттер екінші күні аяққа тұрып, дәретке отырғанда қиналмайды. Жалпы, мұндай отадан кейін науқастың денсаулығы 7-8 күнде қалыпқа келеді, дейді мамандар.



«Операциядан бері 10 күн өтті, дәрігерлерге алғыс айту үшін өз аяғыммен ауруханаға келіп тұрмын. Маған бақыт сыйлаған, жұмыс істеуге, адамша өмір сүруге мүмкіндік берген ақ халаттыларға айтар алғысым шексіз», - дейді пациент.



Бір айта кетерлігі, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жамалды.


№7 аурухананың колопроктология бөлімшесі меңгерушісі Марат Каленбаевтың сөзіне сүйенсек, Лонго операциясы көтеудің III-IV-ші стадиясында қолданылады. Ол тікішектің анатомиялық құрылымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолданғанда зақымданған ішектер кесіп алынбай, керісінше жоғары қарай тартылады. Ішектегі шырышты қабықтың геморрой түйіндерінен жоғары орналасқан бөлігін кесіп алып тастағаннан кейін түйіндер өздігінен түсіп қалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қалқаман #дәрігер #емдеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);