конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қаладағы коммуналдық қызмет жаңбырға байланысты кү...

Қаладағы коммуналдық қызмет жаңбырға байланысты күшейтілді

Барлығы 20.06.2025, 11:59 715 Сұлу
Қаладағы коммуналдық қызмет жаңбырға байланысты күшейтілді
Алматы әкімдігі

Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматыда 20 маусым күні сағат 15:00-ден бастап 21 маусым сағат 02:00-ге дейін жаңбыр жауады, кей жерлерде 20 мм-ге дейін қатты жауын-шашын, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Метеорологтар бірнеше сағат ішінде маусым айына тән жауын-шашынның үштен бірінен астамы жаууы мүмкін екенін болжап отыр (маусым айының нормасы – 59 мм). Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +28…+30 °С болады.

20-нан 21 маусымға қараған түні өткінші жаңбыр мен найзағай жауады, күндіз жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +17…+19 °С, күндіз +31…+33 °С.
22 маусым күні – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы +20…+22 °С, күндіз +28…+30 °С.

Су басу қаупінің алдын алу мақсатында 52 мобильді жедел бригада кезекшілікке қойылды. Олар мотопомпа және құрал-жабдықпен жабдықталған.

Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Күндізгі уақытта 426 арнайы техника, 26 мотопомпа және 895 жұмысшы жұмылдырылған.

«Алматы қаласының құтқару қызметі» ШЖҚ МКК тарапынан 12 техника және 55 қызметкер, ТЖД тарапынан 58 техника және 245 адам жұмылдырылды.

Бұған дейін коммуналдық қызметтер су кедергісіз ағуы үшін арық жүйелерін, өткелдерді және қоқысты сүзіп алып қалатын құрал арқылы тазалау жұмыстарын жүргізген.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыныстар:
* Ауа райының қолайсыздығына байланысты тауға бармаңыз.
* Ағаштар құлап, электр желілері үзілуі мүмкін болғандықтан көлікті жол жиегіне қоймаңыз.

Арықтарды, жаңбыр суы ағындарын және су ағатын арналарға тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс тастамауды өтінеміз.

Ережені бұзушылар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы – «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көркейту қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы нысандарын бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Коммуналдық қызмет #Нөсер #Нөсер жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);