AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Қалада «Неделька» субұрқағы ашылды

Қалада «Неделька» субұрқағы ашылды

Алматылықтардың алданышы 19.09.2021, 08:49 2,231
Қалада «Неделька» субұрқағы ашылды
Cурет: Әкімдік

Алматыда жөнделген скверлер мен әйгілі «Неделька» субұрқағы ашылды. 


Алматыда Қала күніне орай аты аңызға айналған субұрқақ іске қосылып, жөндеуден өткен Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратының алдындағы гүлзар ашылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жүргізілген жұмыстардың көлемі мен сапасын бағалап, аумақты абаттандыру жобасын талқылауға қатысқан осы ауданның тұрғындарымен әңгімелесті.




Бастапқыда кеңістікті қайта құру идеясынан бас тартып, Абай атындағы ҚҰАОБ айналасындағы бүкіл ансамбльді қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта мамандар мен сәулетшілер тартылып, мұрағат деректері мен фотосуреттер зерттелді. Сондықтан барлық бөлшектер максималды дәлдікпен әрі  тарихи сеніммен қалпына келтірілді.
Тарихи сәулеттік келбетті сақтап, қалпына келтіру үшін «Неделька» субұрқағының шамдары, аркалары мен «абажурлары» қалпына келтірілді. Сонымен қатар, кіру тобындағы бір кездері жойылған субұрқақтар қалпына келтірілді. Саябақтар мен скверлерді қайта құру арқылы тұрғындарға жайлы орта мен сүйікті демалыс орнын сыйлаймыз. Мұндай жұмыстар қаланың барлық аудандарында, соның ішінде ең шалғай шағын аудандарда да жүзеге асырылады. ҚҰАОБ алаңы, «Неделька» субұрқағы, Қастеев саябағы, Ботаникалық бақ, Тұңғыш Президент саябағы қаланың өзіндік тұтас жасыл белдеуін құрайды. Қаланың «жасыл» белдеуі құрылады, ол қоғамдық кеңістіктермен үйлеседі.
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская атап өткендей, Абай атындағы ҚҰАОБ маңындағы скверлер мен субұрқақ тобы қалпына келтірілгеннен кейін субұрқақ пен арка жаңа келбетке ие болды.




«Бұл жер жаңа дем алып, қонақтар мен шетелдік туристер үшін тартымды аймақ болмақ. Олар судың үстінде ілулі тұрған жеті аркадан ұлттық нақышты көре алады. Сол маңға әдемі көрік беріп тұрған жаңарған «Неделька» кешкі уақытта ерекше. Маңайы жарық әрі жайлы орындар кешкі Алматының бірегей атмосферасын сыйлайды», - дейді Н. Ливинская.



Сквер мен «Неделька» субұрқағының ашылуына келген қала тұрғындары жаз бойы жөндеуден өткен сүйікті орынның қалай құлпыра түскенімен бөлісті. Қалпына келтірілген саябақ үшін алғыс білдірді.



«Бұл жерде ескі дәуірдің рухы оянады. Операға барар алдында субұрқақтың жанында отыру дәстүрі бар. Енді немерелерімді осында әкелемін. Біздің қаламыз өзгеруде және бұл қуантады», - деп бөлісті Алматы тұрғындары.



Бұл Алматының туған күніне тарту етілген тамаша сыйлық. Жастық шақтың бір бөлшегі қайтарылғандай іспетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #субұрқақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);