AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте А...

Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте Алматыда қайда баруға болады

Алматы Бүгін 15:43 40
Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте Алматыда қайда баруға болады
Алматы әкімдігі

Қаланың аудандарында да ауқымды бағдарлама дайындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін көптеген мәдени, спорттық, отбасылық, білім беру және ойын-сауық іс-шаралары дайындалды.

Негізгі мерекелік іс-шаралар 19 және 20 қыркүйекте қаланың орталық алаңдарында және барлық сегіз ауданда өтеді.

Дәстүр бойынша мерекенің негізгі алаңдары Абай және «Астана» алаңдары, Панфилов және Жібек жолы жүргінші көшелері, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаң болады.

Негізгі алаңдардың бірі – Абай алаңы. Мұнда 19 және 20 қыркүйекте ауқымды Otbasy Fest мерекелік бағдарламасы өтеді. Қонақтар үшін «Алма аймағы», «Шеберлер қалашығы», балалар алаңы, AI & ROBOT ZONE, крафт ойындар аймағы және фуд-корт жұмыс істейді.

19 қыркүйекте мұнда «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі өтеді. Сондай-ақ, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Қазақ мемлекеттік циркінің артистері, ASU ұжымы және «Алатау» дәстүрлі өнер театры өнер көрсетеді. Кеш Ratovich концертімен және Best of NE PROSTO ORCHESTRA бағдарламасымен аяқталады.

20 қыркүйекте қонақтарды «Алматы, менің Алматым» концерттік бағдарламасы, «Алматы әуендері» солистерінің концерті күтеді. Кішкентай көрермендер үшін D Billions өнер көрсетеді. Бағдарлама «Жырлайды Алматы!» концертімен аяқталады. Сахнада Мәдина Сәдуақасова, Ұланғасыр Қами, Шахизада, Бағлан Әбдірайымов және басқа да артистер өнер көрсетеді.

Негізгі музыкалық іс-шаралар «Астана» алаңында өтеді. 19 қыркүйекте мұнда «Сенім» вокалдық хоры, «Отырар сазы» академиялық оркестрі, «Рабат» ансамблі, «Астра» тобы, Muzart Life және басқа да орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Кешке Almaty Vibes музыкалық фестивалі басталады. Оның сахнасында Мақпал Жүнісова, Мирас Жүгінісов, KALIFARNIYA, ALPHA, Айдана Меденова, Жандос Қаржаубай және басқа да танымал артистер өнер көрсетеді.

20 қыркүйекте «Астана» алаңында Almaty Zhuldyzy фестивалі өтеді. Көрермен алдында Азамат Төрехан, Дана Кентай, Kesh You тобы, ILHAN, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Роза Рымбаева, «Ялла» тобы және басқа да орындаушылар өнер көрсетеді. Кештің хедлайнері – әлемге әйгілі DJ IMANBEK.

Панфилов жүргінші көшесінде екі күн бойы дәстүрлі Alma Qala Fest фестивалі өтеді. Қонақтар үшін балалар және этноаймақтар, экоаймақ, киноаймақ, Digital-аймақ, спорт алаңы мен фуд-корт дайындалды. Фестивальдің басты оқиғаларының бірі әйгілі Алматы апортының 200 тоннадан астамын сату.

Т. Жүргенов атындағы академия маңындағы сахнада Мәди Рымбаев, Әли Оқапов, Нұрғалым Аманбай, «Жас-Мұқасан», Алмагүл Батталиева, Дана Максимова және басқа да артистер өнер көрсетеді. Сондай-ақ көрермендерді от шоуы, эквилибристердің, иллюзионистер мен жонглерлердің өнері күтеді.

Жібек жолы жүргінші көшесі концерттік бағдарлама, театр қойылымы мен шығармашылық жобалардың алаңына айналады. Қонақтар алдында RABAT этно-фьюжн тобы, LIVE BAND ROCKN ROLLA, Baxa SM, Азамат Төрехан, ASTRA тобы және басқа да артистер өнер көрсетеді. Сондай-ақ мұнда 60-тан астам баспа мен кітап дүкенін біріктіретін дәстүрлі Kitap Fest кітап фестивалі өтеді.

Ұлттық өнерді сүйетін қауым «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңға шақырылады. 19 қыркүйекте мұнда дәстүрлі музыка өнерінің танымал орындаушылары мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің қатысуымен «Ән мен күйдің бесігі» үлкен концерті өтеді. Сондай-ақ Қазыбек Құрайыш, Ерболат Құдайбергенов, Еркеш Хасен және басқа да артистер өнер көрсететін «Jana Lep» концерті ұйымдастырылады.

20 қыркүйекте театр «Алматыға махаббатпен» мерекелік бағдарламасын ұсынады.

Қаланың аудандарында да ауқымды бағдарлама дайындалды.

Алмалы ауданында мерекелік концерт Сайран көлінің шығыс жағалауында өтеді. Қонақтар үшін спорт аймағы, қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме, балалар алаңы және фуд-аймақ ұйымдастырылады.

Әуезов ауданында Н. Сац атындағы театр алдындағы алаңда «Тәтті алма» балалар байқауы, I Love Almaty концерті, Jas Vibe жастар бағдарламасы, «Сағындым Алматымды» ретроконцерті және «Жасай бер, әсем қала – Алматым!» мерекелік шоуы өтеді.

Бостандық ауданында тұрғындарды Flow Park-та ұлттық спорт түрлерінен жарыс, Jas Fest жәрмеңкесі, балалар суреттерінің көрмесі, концерттік бағдарлама және DJ-сеттер күтеді.

Аудандардағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі Жетісу ауданындағы Алматы ипподромында өтеді. Қонақтарды ат жарысы, ұлттық ойындар, көкпар, құнан бәйге, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ және аламан бәйге жарыстары күтеді. Мұнда «Ұлы дала ойындарының» салтанатты ашылуы да өтеді. 20 қыркүйекте мерекелік бағдарлама «Гүлдер» саябағында жалғасып, концерт және ашық аспан астындағы кино кеші ұйымдастырылады.

Медеу ауданында «Менің Алматым» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, «Гүлденген Алматы!» мерекелік концерті және Терренкурда ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері өтеді.

Наурызбай ауданында қонақтарды Alma-Fest Circus көшпелі цирк бағдарламасы, «Алматы – менің жүрегімде» мерекелік концерті, «Алматының алмасы-ай!» алма композицияларының көрмесі және ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері күтеді.

Түрксіб ауданында мерекелік іс-шаралар С. Сейфуллин атындағы саябақта және Сауранбаев көшесінде өтеді. Тұрғындар үшін концерттік бағдарлама, интерактивті алаң, караоке, ашық аспан астындағы кино көрсетілімі және алма үлестіру ұйымдастырылады.

Алатау ауданында танымал қазақстандық орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда өтеді.

Сонымен қатар Қала күніне орай Алматы музейлерінде тақырыптық көрме, театрларда спектакльдердің премьерасы өтіп, цирк бағдарламасы, байқау, қайырымдылық және экологиялық акция, сондай-ақ спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарламаның толық ақпаратын Instagram желісіндегі @almatymadeniet парақшасынан білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады

Бүгін 16:11

Қала күніне орай халықаралық D Billions балалар шоуы Алматыда алғаш рет өнер көрсетеді

Бүгін 14:59

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Бүгін 14:45

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

Бүгін 14:36

Қазақстанда бағалардың маусымдық төмендеуі жалғасуда

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);