AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қала күнін атап өту аясында Алматыда бір алаңға 10...

Қала күнін атап өту аясында Алматыда бір алаңға 1000 жас суретшіні біріктірген ауқымды «Almaty: Bala.Art – Мың бала» балалар пленэрі өтті

Алматы 19.09.2026, 14:30 292
Қала күнін атап өту аясында Алматыда бір алаңға 1000 жас суретшіні біріктірген ауқымды «Almaty: Bala.Art – Мың бала» балалар пленэрі өтті

Алматының 1000 жас суретшісі Қазақстан рекордын орнатты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шығармашылық мерекенің басты оқиғасы – ұлттық рекордтың ресми тіркелуі болды. «Almaty: Bala.Art – Мың бала» еліміздегі ең ауқымды балалар пленэрі ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына (КИнЭС) енді.

Мың жас алматылық бір мезетте туған қаласына арналған картиналар салды. Балалар өз жұмыстарында Алматыны оның тарихы мен танымал нышандары арқылы бейнеледі. Олардың қатарында Ұлы Жібек жолы мен Алтын адам, көне көшелер мен әйгілі апорт, тау шыңдары, субұрқақтар мен гүлзарлар, заманауи мегаполис және болашақ Алматы бар.

Тағы бір айтулы оқиға – Алматы балалық шағы гимнінің тұсаукесері болды. Жаңа композицияны алғаш рет балалардың құрама хоры мен пленэрге қатысушылар орындады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Туған күніңмен, сүйікті Алматы!» атты мерекелік концерттік бағдарлама да өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасының жаңа мәдени-білім беру жобасы ауқымды шығармашылық акциямен ғана шектелмей, мың баланы ортақ идея төңірегіне біріктірді. Олар сүйікті қаласы туралы өнер тілімен әңгімеледі.

Іс-шараның қорытынды сәтінде ауқымды композиция ұсынылды:балалар шығармашылығының, бірліктің және туған Алматыға деген сүйіспеншіліктің символы ретінде «Almaty: Bala.Art – Мың бала» рәміздері бейнеленген кенепті бірге жайды.

Мың бала. Сүйікті қалаға мың түрлі көзқарас. Бір Алматы. Және Қазақстанның жаңа рекорды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жас суретшілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инвестициялық саясат қайта қаралады және орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді

Бүгін 16:59

Қазақстанда дәрілік заттардың жаңа 500 түрін шығару және цифрлық бақылауды кеңейту жоспарлануда

Бүгін 16:54

Жасанды интеллект диагностиканы жеделдетеді: Алматыдағы зертхана тәулігіне 15 мыңға дейін сынаманы өңдейді

Бүгін 16:45

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 16:43

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Бүгін 16:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);