Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала әкімі Еуропалық қайта құру және даму банкінің...

Қала әкімі Еуропалық қайта құру және даму банкінің делегациясымен кездесті

Әлеумет 18.03.2022, 03:33 999
Қала әкімі Еуропалық қайта құру және даму банкінің делегациясымен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy

Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.


Алматы әкімі Ерболат Досаев Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) вице-президенті Алан Пиюмен қаланың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жобаларды және шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Алматы әкімдігі мен ЕҚҚДБ соңғы 13 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, инфрақұрылымды модернизациялауға және көлік секторын дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілету аясында жемісті ынтымақтасуда. 


Кездесу барысында троллейбус паркін жаңарту перспективасы және тартқыш қосалқы станцияларды (190 троллейбус, 10 қосалқы станция) модернизациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. 


Тараптар сондай-ақ жеңіл рельсті көлік (ЖРК) құрылысы бойынша бірлескен ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады. Еуропалық қайта құру және даму банкі бұрын (2015-2018 жж.) Алматы қаласында ЖРК жүйесін салу және пайдалану жобасын іске асырудың жайлылығы (экологиялық, экономикалық және әлеуметтік талдауды қоса алғанда) бойынша зерттеулер жүргізген болатын. 


Кездесу барысында қаладағы экологиялық ахуал мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың ақпан айындағы алдын ала деректер бойынша ауада азот диоксиді (NO2) нормасының 6 есе, күкірт диоксиді (SO2) және азот оксиді (N2O) нормасының 5 есе артуы тіркелген. Ластанудың негізгі көздерінің бірі өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады (37%). Сараптамалық қорытындыға сәйкес, ЖЭО-2 модернизациялау қажет. ЕҚДБ жобаның кредиторларының бірі ретінде әкімдік тарапынан қолдау сұрады, ол көмек көрсетуге дайын екенін растады. Жобаны табысты іске асыру үшін бірлескен жол картасы әзірленелі және қабылданатын болады. 


Кездесу барысында Алматыда энергия тиімділігі және энергия үнемдеу бойынша ESG-жобаларын іске асыру, су, жылу шығындарын азайту үшін инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау және т.б. мәселелер талқыланды. 


Қаланы дамытудың маңызды бағыты оны цифрландыру болып табылады. Тараптар қаланың инфрақұрылымы мен процестерінің жоғары дәлдіктегі цифрлық көшірмесі болып табылатын "цифрлық көшірме" жобасын іске асыру бойынша ұсынысты қарады. Жүйе климаттың өзгеруі, қоғамдық көлік, халықтың өсуі және т. б. мәселелерді қоса алғанда, түрлі жағдайларда нфрақұрылымды дереу-тестілеу деректерін өңдеуге арналған платформа болып табылады. 


Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында бірлескен бағдарламалар мен бастамалар талқыланды. Айта кетерлігі, кәсіпкерлік саласы қала үшін зор  маңызға ие – бұл секторда 10 алматылықтың 6-ы жұмыс істейді. 


Кездесу соңында тараптар ұсынылған жобаларды бір ай мерзімде зерделеуге және одан әрі ынтымақтастық мақсатында талқылауларға қайта оралуға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында көктемгі көріктендіру жұмыстары қарқын алды

Бүгін 10:30

Алматыда жол қозғалысын цифрлық басқару жобалары пайда болуы мүмкін

Бүгін 10:06

Қазақстанда қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды?

Бүгін 09:47

Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі бағамен сатылып жатыр

Бүгін 09:28

Трамп Иранға жасалатын бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтататынын мәлімдеді

Бүгін 09:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика