Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Қажылыққа тең амалдар

Қажылыққа тең амалдар

Керек кеңес 12.01.2023, 05:04 1,938
Қажылыққа тең амалдар
abilet.kz


Алла Тағала пендесінің кейбір сауапты амалдарының дәрежесін қажылықтың сауабымен теңестірген. Қажылық – бес парыздың бірі. Сондықтан әрбір мұсылман өмірінде бір мәрте қажылық парызын өтеуге міндетті. Дегенмен, дінімізде  қажылықтың сауабымен тең түсетін амалдар да жоқ емес екен. Бұл амал қажылық парызын алмастыра алмаса да, сауабы ұшан-теңіз.



Таза ниет

Ең әуелі  ниеттің тазалығы мұсылман адам үшін аса маңызды. Қиямет күні болғанда, әрбір пенде өзінің амал дәптерін көреді, сонда арасынан қажылық, зекет, тіпті садақаның да сауабын көреді. «Бәлкім, бұл менің амал дәптерім емес шығар. Мен бұларды жасаған жоқ едім ғой», - дейді екен пенде. Сонда Алла Тағала құлына: «Бұл сенің амал дәптерің», – дейді. Әлгі адам Жаратушыға: «Уа, Жаратушы Ием! Мен бұл амалдарды жасаған жоқпын», - дейді. Хақ Тағала болса: «Сенің бұл амалдарды жасамағаныңды білемін. Алайда сенің ниетің: «Егер қаражатым болса, мешіт салар едім, мұқтаждарға жәрдемдесіп, қажылыққа баратын едім» деп тұратын. Ниет-ықыласың шынайы әрі тек Менің разылығыма қол жеткізу болғандықтан, ниетіңдегі амалдардың сауабы да жазылды», – дейді.

Мешітке дәретпен бару


Алла Елшісі: «Кімде-кім дәрет алып, жамағатпен намаз оқу үшін мешітке барса, ихрам киіп, қажылық парызын өтегендей сауапқа ие болады. Ал егер Дұха намазын оқитын болса, кіші қажылықпен тең сауапқа кенеледі».



Нәпіл намаз оқу

Пайғамбарымыз: «Кімде-кім таң намазын мешітте жамағатпен оқып, күн шыққанша зікір етіп (Алланы еске алу), күн шыққаннан соң екі бас нәпіл намаз оқыса, үлкен қажылық пен умраның сауабындай сауапқа кенеледі», – деген.

Мешітте білім беру немесе білім алу


«Алла Елшісі: «Кімде-кім білім алу үшін не болмаса білім үйрету үшін мешітке баратын болса, қабыл болған қажылықтың сауабындай сауапқа ие болады», – деген.



Ата-ананың разылығы
Бірде пайғамбарымыздан бір сахаба: «Мен Алла жолында қызмет еткім келеді, не қызмет жасауға болады?» – деп сұрайды. Әз елші әлгі сахабадан: «Әке-шешең тірі ме?» – деп сұрағанда: «Анам бар», – деп жауап береді. Сонда Алла Елшісі: «Ендеше, анаңа құрмет көрсетіп қал. Анаңның разылығына қол жеткізудің жолдарын тап. Сонда қажылық пен умраның сабауындай сауапқа кенелесің»,  – деген екен.


«Аlmaty-akshamу», №4 (6297) 12 қаңтар, 2023 жыл 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#иман #мұсылман #қажылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика