ffin.kz

Қайсысы дұрыс: хиджама ма, әлде донор ретінде қан тапсыру ма?

Қайсысы дұрыс: хиджама ма,  әлде донор ретінде қан тапсыру ма? Сурет: Islam.ru

Соңғы уақытта ауруды қан шығару тәсілімен  емдейтіндер көбейген.


Мамандар бұл тәсілдің денсаулыққа кері әсері де болуы мүмкін дейді. Себебі қан шығаруға мүлдем болмайтын жағдайлар болады.Сондықтан да дәрігерлер бұл процедураны қадағалап, заңмен реттеу қажет деп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Жақында әлеуметтік желіде  тараған бейнежазба көптің үрейін туғызды. Онда жаңа туған нәрестенің маңдайын тіліп, қан шығарып жатқан емшінің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиіп,үрейін ұшырды. Онда нәрестеге хиджама жасап жатқанын көруге болады. Ал кәсіби медицина мамандары бұл процедураның медициналық қызмет түріне жатпайтынын айтады. Дәстүрлі медицинаға дәл осы шертпе емі кірмеген. Тіпті, қазір курс оқып, сертификат алғандар мұны кәсіпке айналдырып отыр деп дабыл қағуда.


Ал донор ретінде қан тапсыру - игі іс. Біріншіден, қан тапсырушы адамның денсаулығына пайдалы болса, осы ісі арқылы қан берген адам оған мұқтаж адамның өмірін сақтауда арашашы бола алады. Хиджама арқылы қан шығару - қанды далаға төгу дейді мамандар.



«Хиджаманы біз 2 жылдан бері ғана естіп жатырмыз. Ол қазақ тарихында жоқ. Хиджаманы қайдан үйрендің десе айтады  бәленбай дәрігер ашқан курсқа бардым 10 күн үйретті міне сертификат. Бұл жасаған қан, ол сол донор қан тапсыратын адамдардың жұмысын атқарып отыр, далаға төгіп отыр. Бір тамшы қанның сұрауы бар. Іс жүзінде оны да ақшаның көзіне айналдырды, одан қанша адамдардың көзі көрмей қалады, қанша адам минингит болады, мүмкін уақытша давление тускен болар, нервты кесіп тастаса уақытша шаншу тоқтайды. Ал іс жүзінде қандай зардап болады халық қайдан біледі?», - дейді медицина ғылымының докторы, профессор Жасан Зекейұлы



Хиджама дәстүрлі медицинаға жатпайтындықтан бұл процедура заңнамада жоқ. Сәйкесінше, лицензия да берілмейді. Ал хижама жасайтындар аурудан 100% айықтырамыз деп уәде бере алмайтынын айтады.



«Болмайды кімде гимафилия ауруы, бұл қанның сұйықтығы, общий анализ крови алу керек, диабет болмау керек, температура болмау керек, өйткені температура болған кезде бастан алмаймыз, денеден ала береміз температура болғанда  бастан алуға болмайды өйткені инфекция басқа көтерілмейтіндей.  Бірақ, айтып қояйын, барлығына бере қоймайды , біреуіне ем болып жатады, біреуіне ем болмайды. Сондықтан, біз алдын ала адамдар келіп жатқанда, біз 100% бұл саған көмектеседі деп айтпаймыз», - дейді хиджама жасаушы Қарлығаш Байкенова. 



Бұл ғана емес, халық емі деп омыртқаны балғамен ұрып емдейтіндер шыққан. Арнайы мамандар оның да  зардабы барын айтады.



«Манулдық терапияда дұрыс диагноз қою үшін арнайы әдістер бар.  Алақанмен сипау сияқты техникалар бар. Қолмен соққылау әдісі  бүйрек аймағында өте мұқият жасалуы керек. Себебі, ішкі ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Алайда балғамен ұру дегенді мен құптамаймын. Бүгінде тіпті онлайн оқып, сертификатым бар деп жұмыс істеп жүргендер бар. Дәрігер емес, мұндай мамандарға қалай сенуге болады?» - дейді мануалды терапевт Юрий Пак. 



Ал нәрестеге хиджама жасағандар заң бойынша жауап береді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды арнайы бақылауға алды. Әрі хиджама орталықтарының да жұмысы тексеріледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41