«Qaisar» әскери-патриоттық ойындары мәресіне жетті

«Qaisar» әскери-патриоттық ойындары мәресіне жетті Cурет: Baq.kz

Ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау облысының оқушылары иеленді


Жасөспірімдердің бойындағы жауынгерлік рухты сынға салатын «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Елдің түкпір-түкпірінен 1700-ге жуық жоғары сынып оқушысы қатысқан сайыстың ақтық сынына небәрі 100 бала өтіпті. Олар екі күн бойы жүзу мен кедергілерден өту бойынша сынға түсті. Сондай-ақ «Менің елім Қазақстан» тақырыбында әскери-тарихи викторинаға қатысты. Ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау, екінші орынды Қарағанды облысының оқушылары жеңіп алды. Ал үшінші орын Шығыс Қазақстан облысының командасына бұйырды.  



«Qaisar» әскери-патриоттық партиялық жобасының негізгі мақсаты – жастардың бойында қазақстандық патриотизмді дамыту. Осы 2 аптаның көлемінде жобаның аясында Қазақстанның барлық аймақтарында жастар белсене қатысты. Нақты жоспарымыз бар. Жыл соңына дейін Қайсар әскери патриоттық жобасының аясында 25 мың жастарды қамтимыз деген жоспарымыз бар», – деді Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47