“Қайрат” сырт алаңда “Спортингіге” есе жіберді

  • 01:51, 19 қыркүйек 2025
“Қайрат” сырт алаңда “Спортингіге” есе жіберді “Қайрат” ФК

“Қайрат” футбол клубы сырт алаңда “Спортингіге” есе жіберді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

“Қайрат” ойыншысы Эдмилсон 86-минутта гол соқты.

Матч қорытындысы бойынша лиссабондық “Спортинг” 4:1 есебімен жеңіске жетті. Португалиялық клубтың Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы – италиялық “Наполи”. Ойын 2 қазанда Италияда өтеді.

Ал “Қайрат” өз тобының ең мықты клубы – мадридтік “Реалмен” кездеседі. Қазақстандық команда “корольдік клубты” 30 қыркүйекте Алматыдағы “Орталық” стадионда қабылдайды.

Айта кетейік, алғашқы тур қорытындысы бойынша алматылық “Қайрат” турнир кестесінде Бергамоның “Аталантасымен” бірге 36-орынды бөлісіп тұр. Қоржынында – теріс көрсеткіш, яғни минус 4 ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:55

08:36

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42