AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланд...

Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Оқиға 25.09.2022, 07:30 1,034
Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды
Сурет: Atrk.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы – Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль, 1983 жылы туған, бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры анықталды.


Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болды.


Ол үшін оған Қ. Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күн ішінде Қ. Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд теңге және 62 млн АҚШ доллары алынған.


Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр.


Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды.


Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - делінген ресми хабарламада.



Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.


20 қыркүйек күні Астана қаласында Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот отырысы басталатыны хабарланды.


Елорданың Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатқан процесс барысында прокурор күдікті Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлық #мүлікті заңдастыру #Қайрат Сатыбалдыұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

Бүгін 11:55

Алматыда Наурыз қалай тойланады: 21-23 наурызға арналған негізгі іс-шаралар

Бүгін 11:45

Алматыда зерлеу өнері қалай қайта жаңғырып жатыр?

Бүгін 11:37

Алматы тұрғыны құрақ көрпені қайта тігуді жаңғыртып жүр

Бүгін 11:31

Қазақстанда адвокатураның мәртебесі жаңа Конституцияда конституциялық деңгейде бекітіледі

Бүгін 11:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика