Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қай айда еңбек демалысын алған тиімді?

Қай айда еңбек демалысын алған тиімді?

Мұны білген жөн 06.05.2025, 10:45 1,261
Қай айда еңбек демалысын алған тиімді?
Almaty-akshamy.kz. 

Биыл еңбек демалысын алуға ең қолайлы уақыт қашан? Aqshamnews.kz тілшісі еңбек демалысын қай айда алған дұрыс екенін есептеп көрді.

Еңбек демалысы үшін төлем мөлшері әрқашан әртүрлі түсетінін байқаған боларсыз. Өйткені демалыс мөлшері айдағы жұмыс күндерінің санына байланысты: жұмыс күндері неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Сонымен:

2025 жылы еңбек демалысына шығу үшін ең тиімді айлар - сәуір, шілде, қазан және желтоқсан. Осы айларда 22 жұмыс күні бар, сондай-ақ тамыз және қыркүйекте 21 жұмыс күні бар.

Сары түс – жұмыс күндер;
Жасыл түс – мереке күндер;
Қызыл – демалыс күндер.

Ал егер сіз ұзағырақ демалғыңыз келсе, онда еңбек демалысын қаңтар, наурыз немесе мамырда, демалыс мереке күндеріне түсетіндей етіп алу қажет. Сонда сіз көбірек демаласыз, бірақ әдеттегіден аз ақша аласыз. Тізімде жоқ қалған айларда ерекше айырмашылық жоқ.

Ескерту! Төлем мөлшеріне аурухана, демалыс және тағы басқа факторлар әсер етуі мүмкін.

Еңбек демалысына қашан шығуға болады?

Жұмысқа орналасқаннан кейін алты ай жұмыс істеген кез келген қызметкердің еңбек демалысына шығуға құқығы бар. Бұл мерзім аяқталған соң, басшылыққа екі апта бұрын ескертіп, демалысқа сұрануға болады. 

Алайда егер сіз ресми еңбек шартысыз, яғни жалақыны «конвертпен» алып жұмыс істеп жүрсеңіз, демалыс мәселесі қиынға соғуы мүмкін. Себебі заң жүзінде жұмыс беруші сіздің демалысыңызды рәсімдеуге міндетті емес.

Демалыс қанша күнге созылады?

Қазақстанның Еңбек кодексі бойынша, қызметкер жыл сайын 24 күнтізбелік күн демалыс алуға құқылы. Бұл күндерді бөліп алуға болады, бірақ кем дегенде бір бөлігі 14 күннен аз болмауы қажет. Кейбір мекемелерде еңбек шартына сәйкес бұдан да көп күн демалыс қарастырылуы мүмкін.

Егер еңбек шарты тоқтаған болса, ал сіз еңбек демалысына берілетін күндерді пайдаланбаған болсаңыз, жұмыс беруші сізге өтемақы беруге тиіс.

Қай айда демалған тиімді?

Демалыс уақытына төленетін қаражат кейде бір айлық табысыңыздан көп не аз болуы мүмкін. Сондықтан демалысқа қай кезде шығу тиімді екенін білген жөн.

Айта кету керек, демалыс күндері жұмыс күндерімен емес, күнтізбелік күндермен есептеледі. Яғни, демалысқа шыққанда оған демалыс күндері де кіреді, бірақ ол күндерге қосымша ақы төленбейді. Ал мемлекеттік мерекелер демалыс уақытына кірмейді, сондықтан демалыс мерзімі ұзарады.

Еңбек демалысын аларда ұзағырақ демалғыңыз келе ме немесе көбірек ақша алғыңыз келе ме, шешіп алыңыз. Шешіміңізге қарай еңбек демалысына шығу керек айда өзгереді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс #еңбек демалысы #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика