ffin.kz

Қадыр Мырза Әли:  Кемпірді кемпір демей, Көп жасаған қыз деу керек

Қадыр Мырза Әли:  Кемпірді кемпір демей, Көп жасаған қыз деу керек Gov.kz

Әйел өзі ештеңе істей алмаса да,
Күйеуіне істетуге шебер.
***
Кейбір әйел еркектен президент жасай біледі,
Ал еркек әрі кеткенде оған үйленіп тынады.
***
Әйелдің екі-ақ жолы бар:
Не алдау, не алдану.
***
Барлығына бас әйел,
Махаббатқа мас әйел.
Жан беретін де осы әйел,
Жан алатын да осы әйел.
***
Көрікті сұлу – көз қуанышы.
***
Күйеулері сапарда жүрген кейбір келіншектер
бірер күнде құлпырып шыға келеді.
***
Үстіндегі дегенін істейді,
Астындағы дегенін істетеді.
***
Әйел жеңе алмайды,
Жеңдірмейді де.
***
Ұяты бар әйел – шынында да әдемі әйел.
***
Әйелдің туы – етегі,
Егеспе!
Құлағың түр кеңеске,
Егеспе!
***
Орманда адасу – бақыт қой,
Екі әйелдің арасында адассаң,
Біреуінен айырыласың.
***
Әдемілік – арудың қаруы.
***
Қыз болмаса – біз болмаймыз.
***
Күз – жеміс,
Қыз – өніс.
***
Қыз – әрі базына, әрі қазына.
***
Қонағы – қырық...
Қонағы бар үйдің құлағы түрік.
***
Ерсіз әйел – жесір,
Әйелсіз азамат – кесір...
***
Әйел – сыңарың, сен үшін құт,
Әйелсіз еркек жұрт үшін жұт.
***
Еркектің жөні бір басқа,
Әйелдің жөні бір басқа.
Әйелмен еркек – марқасқа,
Еркексіз әйел – бір қасқа.
***
Еркектің зорлағаны –
Әйелдің ақталуына жақсы.
***
Еркекті құртатын:
«Байқап көрсем қайтеді?»
Әйелді құртатын:
«Нем кетіп барады?»
***
Әйелдің жалаңашы еркекке ерсі көрінбейді.
***
Ынжық еркек
Әйелдің жынын келтіреді.
***
Еркектерден көңілі қалған әйел
Күйеуімен ажырасып тынады.
***
Кейбір әйелдің өзі көріксіз болғанмен,
Құрбысы келісті келеді.
***
Әйелдің қорғанысы шабуылға татиды.
***
Сөзуар әйелмен сөйлескенде
Бұзылған әйелді сағынасың.
***
Ару алдырмайды,
Сайқал қамшы салдырмайды.
***
Бала кезде анаңның,
Қартайғанда әйеліңнің қамқорлығында боласың.
***
Келіншегі сұлу жігітке шам жағып керегі жоқ.
***
Әдемілікке ақыл қосылғанда
Жеңілмейтін жігіт жоқ.
***
Өзі әдемі, өзі ақылды әйел
Кез-келген жігітті жетектеп жүре береді.
***
Әдемілік пен ақыл бір басқа қонбай,
Екеуі екі жаққа кетсе, әйелдің соры.
***
Кемпірді кемпір демей,
Көп жасаған қыз деу керек.
***
Еркек өз аэродромынан ұшып,
Әйелдің аэродромына қонады.
Жанармайы таусылып бара жатса,
Басқа жерге де қона салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32