Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Президентке астанада өтетін АӨСШК саммитіне дайынд...

Президентке астанада өтетін АӨСШК саммитіне дайындық мәселесі баяндалды

Оқиға 07.09.2022, 12:40 1,276
Президентке астанада өтетін АӨСШК саммитіне дайындық мәселесі баяндалды
Сурет: Д akorda.kz

Саммит 12-13 қазанда елордада өтеді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады. Almaty-akshamy.kz бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының қазіргі қызметімен және Қазақстанның осы ұйымға 2020-2022 жылдардағы төрағалығының қорытындысымен танысты. Әңгімелесу барысында 12-13 қазанда елордада өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударылған.



«АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына алдағы саммиттің қорытынды құжаттарының жобаларын келісу үдерісі туралы баяндады.
Сонымен қатар Президентке АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстанның стратегиялық мақсаты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы алдағы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастыру және АӨСШК-тегі мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру аса маңызды екенін атап өтті», - делінген Ақорда мәліметінде.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#саммит #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Бүгін 12:29

Алматыда 300 мыңнан астам адам ерікті болып жұмыс істеген

Бүгін 12:21

Алматыда әл-Фараби мұрасы мен цифрлық ортаның дінге ықпалын баяндайтын жаңа зерттеуді таныстырды

Бүгін 11:47

ҚазҰУ зерттеуі: күйзеліс пен тәуелділікке кім жиі ұшырайды

Бүгін 11:45

Алматыда әлеуметтік қақтығыстың басты себебін атады - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің зерттеуі

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика