AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Президент жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс ал...

Президент жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңына барды

Экономика Бүгін 16:15 38
Президент жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңына барды
Ақорда

Президент Qarmet компаниясының жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңында болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа кешеннің мүмкіндіктері

Өндіріс кешені іске қосылғанда жылына 540 мың тоннадан астам дайын өнім шығарады. Жобаның технологиялық серіктесі – қытайлық CERI инжиниринг компаниясы.

Мемлекет басшысына баяндалғандай, жаңа цех беріктігі жоғары, А600 және А1000 санатты болат арматура шығаруға, сондай-ақ бұрыштар, швеллерлер және басқа да сұранысқа ие металл өнімдерінің түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді.

Кешеннің өнімділігі

Кешенде сағатына 100 тоннаға дейін металл өткізе алатын, өнімділігі жоғары қыздыру пеші бар.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Qarmet сұрыпты прокатты шығару көлемін ұлғайтады. Ал бұл ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайтып, кәсіпорынның құрылыс сегментіндегі, соның ішінде АЭС құрылысындағы әлеуетін кеңейтеді.

Құрылыс жұмыстары мен инвестициялар

Қазіргі уақытта нысанда негізгі технологиялық жабдықтарды монтаждау және қажетті инфрақұрылымды салу жұмыстары жүргізілуде. Сұрыпты прокат цехын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Qarmet компаниясының инвестициялық бағдарламасы 3,5 миллиард долларды құрайды. Металлургия комбинатында 4 жаңа жоба, атап айтқанда №8, 9 кокс батареялары, сұрыпты прокат кешені, мырыштау және полимерлі жабын желісі, құю-илемдеу кешенінің құрылысы іске асырылып жатыр.

Стратегиялық мақсаттар

Компанияның стратегиялық мақсаты – 2028 жылға қарай жылына 5 миллион тонна болат, 9 миллион тонна көмір және 5 миллион тонна темір рудалы концентрат өндіретін деңгейге жету. Бұдан бөлек, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, экологиялық көрсеткіштерді арттыру және отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту міндеті тұр.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #құрылыс #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Бүгін 18:45

Серік Жұманғарин Пәкістанның инвестициялар министрімен және халықаралық қаржы институттары басшыларымен кездесулер өткізді

Бүгін 18:45

Мемлекет басшысы «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті

Бүгін 18:15

Қазақстан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 18:13

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Бүгін 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);