AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезек...

Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Билік 10.01.2022, 14:52 1,117
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты
Сурет: Аkorda.kz

Бүгін елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Президентінің бастамасымен шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы бейнебайланыс режимінде өтті


Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы –  Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап



Қазақстан Президенті сессия қатысушыларына елімізде қалыптасқан ахуал мен оны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ бойынша әріптестеріне көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдірді.


– Шын мәнінде, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Ұйымның бітімгерлік күштерінің ауқымды түрде жұмылдырылу жағдайы бірінші рет болып отыр. Біз үшін ҰҚШҰ бойынша әріптестеріміздің әскери ғана емес, моральдық қолдау көрсетуі де аса маңызды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі біртұтас майдан болып, Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президент Ұйымның бұдан пайдалы әрі жақсы тәжірибе алатынын, осал тұстар талданып, тиісті шешім шығарылатынын, реттеуші құжатқа түзетулер енгізілетінін атап өтті.


– ҰҚШҰ беделді әскери-саяси ұйым ретінде өзінің қажетті әрі тиімді екенін көрсетті. Бұл мемлекеттеріміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты механизм, – деді Мемлекет басшысы.  



Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасындағы жағдай жөнінде пікір алмасып, еліміздің басшылығы жасап жатқан іс-әрекеттерді қолдайтынын айтты. Сондай-ақ тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті қалпына келтірудің маңызды екеніне назар аударды. ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась бірлесе қабылдаған шешімдердің жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.


Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясы аяқталғанша тұрақты байланыста болуға уағдаласты. 


Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қауіпсіздік #Кеңес #сессия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);