AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Президент «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру...

Президент «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру рәсіміне қатысты

Тәуелсіздік-30 08.12.2021, 08:22 1,126
Президент «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру рәсіміне қатысты
Сурет: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгінгі кездесудің ерекше мән-маңызы бар екенін айтты


Президент Тәуелсіздік ұрпақтарын, шын мәнінде, жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Аkorda.kz-ке сілтеме жасап



– Еліміз дербес мемлекет болғаннан бері ойы еркін, рухы азат тұтас буын өсіп жетілді. Тәуелсіздік перзенттерінің алдыңғы толқыны ержетіп, ел ісіне араласуда. Олар отанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатыр. Мен егемендік кезеңінде туып-өскен жастарымызға арнайы грант бөлуді тапсырғанмын. Бұл – талапты ұл-қыздарымыздың бастамаларын қолдау үшін жасалған қадам. Қазақта «Жас келсе – іске» деген жақсы сөз бар. Халқымыз жастарға әрдайым зор сенім артып, ерекше үміт күтеді. Ұрпақтың тәрбиелі, білімді және  білікті болуына айрықша ден қояды, – деді Мемлекет басшысы.




Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарымыз еліміздің болашағына деген сенімді нығайта түсетінін, олардың туған ел үшін қызмет етуге құлшынысы қуантатынын айтты.



– Мен грант жеңімпаздары ұсынған жобалармен танысып шықтым. Бұл жобалардың көпшілігінде экологияға баса мән берілгенін байқадым. Бұл – өте дұрыс. Өйткені, қоршаған ортаны қорғау – қазір барша адамзат үшін аса маңызды мәселе. Кең байтақ жеріміздің бірегей табиғатын сақтау – бәріміздің қасиетті борышымыз. Жастардың тың идеялары нақты жүзеге асып, халықтың игілігіне айналады деп сенемін. Шын мәнінде, бұл еліміздің мерейтойына Тәуелсіздік ұрпақтарының тартуы болмақ, – деді Мемлекет басшысы. 




Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта табысты адам білімді, еңбекқор болу, мақсатқа ұмтылу және белсенділік таныту сияқты қасиеттерімен ғана ерекшеленетінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев грант жеңімпаздарына жобаларын іске асыруға жақсы мүмкіндік беріліп отырғанын айтты.



– Қазақта «Талаптыға жол бер» деген нақыл сөз бар. Мемлекет жастардың талабын ұштауға барынша жағдай жасап келе жатыр. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін сіздер міндетті түрде көресіздер. Жақында Елбасы жастарға терең мағыналы үндеуін жолдады. Өскелең ұрпақ аға буынның үмітін ақтайтыны сөзсіз. Сол үшін әрбір жас бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіруі керек, – деді Президент.




Жиын соңында Мемлекет басшысы жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алатынын айтып, жастардың болашақта кәсіби маман, өз ісінің нағыз майталманы болатынына, сол арқылы аға буыннан асып түсетініне сенім білдірді.


Жастар өз кезегінде мемлекеттің қолдауы үшін Президентке алғыс айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Тәуелсіздік #Қазақстан #ұрпақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика