конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент тапсырмасына сәйкес, «Алматы – Қаскелең»...

Президент тапсырмасына сәйкес, «Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Әлеумет Бүгін 14:55 30 yakiya
Президент тапсырмасына сәйкес, «Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі


Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді,
– деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен оған іргелес елді мекендер тұрғындары тарапынан “Алматы – Қаскелең” жолындағы көлік қозғалысының жоғары жүктемесіне қатысты айтылып жүрген шағымдарға назар аударды.

Президент жолды кеңейту жобасын дереу бастау туралы тапсырма берді.

Мердігер осы аптаның соңына дейін қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдыруы қажет. Құрылыс жұмыстарын дүйсенбі, 20 шілде күні бастау керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы сапалы әрі барынша қысқа мерзімде орындалуы тиіс», — деп тапсырды Олжас Бектенов.


Премьер-министр жоба құнының бекітілгенін және оның өсуіне жол берілмейтінін атап өтті.

«Жобаны жүзеге асыру мақсатында сатып алынатын жер учаскелеріне қатысты алыпсатарлыққа жол берілмеуі үшін олардың құнын кешегі, 14 шілдедегі жағдай бойынша белгілеу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматыдан Қаскелең қаласына дейінгі автожол учаскесінің 8 шақырымдық бөлігін 8 жолаққа дейін кеңейту жобасын ұсынды. Жобаны қаржыландыру Қазақстанның Даму банкі арқылы жүзеге асырылады. Екі жолайрық пен 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде аталған учаскенің өткізу қабілеті 2 есе артады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау және пайдалануға беру 2027 жылғы желтоқсан айына жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік қозғалысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы педагогтердің кәсіби дамуы жаңа серпін алады

Бүгін 15:31

Алматыда экологтар 440-тан астам дизельді автокөлікті тексерді

Бүгін 15:15

Алматы хайуанаттар бағында керқұланның құлыны дүниеге келді

Бүгін 15:06

Алматыда жыл соңына дейін экологиялық Жол картасы аясында алты іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр

Бүгін 14:29

Алматыда кәсіпорындарға мемлекеттік экологиялық бақылау күшейтілді

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);