Алматылықтар жәрмеңкеде тікелей өндірушілерден ет, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бал және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағы бағадан 10–15%-ға төмен бағамен сатып ала алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жәрмеңке қаламызда 28–29 қараша күндері сағат 08:00–18:00 арасында болады. Ауыл өнімдерін Шевченко көшесіндегі (Пушкин және Қонаев көшелерінің арасы) жәрмеңкеден алуға мүмкіндік бар.