конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққ...

Президент Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қояды

Билік 26.11.2022, 07:28 1,447
Президент Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қояды
Сурет: Strategy2050.kz

Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жоспарлы түрде жалғасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Мемлекеттік құрылыста біз «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты ұстанамыз. Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашты. Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды. Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз», - деді Президент.



Бүгін Президент «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қоятынын айтты. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болады.



«Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады. Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау», - деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #ұлықтау рәсімі #саяси жаңғыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әнші Тимур Пиязов алматылықтарды Құрылтай сайлауына шақырды

Бүгін 17:36

Жастардың дауысы - ел болашағының кепілі

Бүгін 17:34

Марафоннан ауылдағы кездесулерге дейін: партиялар осы аптада сайлаушыларды немен таңғалдырды?

Бүгін 16:27

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа цифрлық шешімдер таныстырылды

Бүгін 16:13

Алматыда этнографияның мәдени мұраны сақтаудағы рөлін талқылады

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);