AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Президент Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформас...

Президент Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды

Экономика Бүгін 15:45 42
Президент Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында елдің жетекші экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаржы және инвестиция мәселелері

Тараптар Германияның қаржысын, тәжірибесі мен тәуекелдерді басқару тетіктерін Қазақстанның ресурстық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерімен ұштастыру мәселелерін талқылады. Президент Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы және Еуразия кеңістігіндегі сенімді серіктесі болуға ұмтылатынын айтты.

Инвестиция-қаржы платформасы

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды. Оның айтуынша, жаңа платформа Еуропа мен Германия капиталын Қазақстан тарапының қоса қаржыландыру, кепілдік беру және тәуекелдерді бірлесіп басқару тетіктерімен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте «Бәйтерек» холдингі мақсатты жобаларды құрылымдауды қамтамасыз ете алады.

– Біз елімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттар да болғанын қалаймыз. Бұл ретте Қазақстанда қызметін бастаған Euler Hermes компаниясымен ынтымақтастыққа айрықша маңыз артамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Шикізат және энергетика мәселелері

Президент аса маңызды материалдар саласындағы ықпалдастыққа ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Қазақстан Германияның Шикізатпен қамтамасыз ету қорымен ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ Германия өнеркәсібіне қажетті шикізат жеткізуге бағытталған жобаларды ілгерілетуге мүдделі.

Кездесуде энергетика және өнеркәсіп секторларын жаңғырту, жаңартылатын энергия көздері мен «жасыл» сутегі жобаларын дамыту мәселелері де қарастырылды. Сонымен қатар цифрлық инновациялар мен жасанды интеллект саласындағы Қазақстан-Германия серіктестігін дамыту басым бағыттардың бірі ретінде аталды.

– Біз германиялық компанияларды өз әлеуетін деректер өңдеу орталығына, энергия тиімділігіне қатысты технологияларға, «бұлтты» инфрақұрылым және киберқауіпсіздік салаларына жұмылдыруға шақырамыз. Тағы бір перспективті бағыт – қаржы технологиялары, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Alatau City жобасы

Мемлекет басшысы неміс қаржы секторын Қазақстан экономикасына кеңінен тартуда Alatau City жобасының маңызына да тоқталды.

– Орталық Азиядағы алғашқы «ақылды қала» әуел бастан цифрлық дәуірдің барлық талаптарын сақтай отырып жобаланды. Ол неміс капиталы мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін тоғыстыратын көпір бола алады. Alatau City бүкіл Еуразиядағы таланттарды, технология мен бизнесті тартатын жаңа орталыққа айналатынына сенімдімін, – деді Президент.

Серіктестікті нығайту

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германияның жоғары деңгейдегі саяси диалогқа сүйене отырып, қаржы, технология және инвестиция салаларындағы серіктестікті одан әрі нығайта алатынын атап өтті. Президенттің айтуынша, басты мақсат – капитал ағынын арттырумен ғана шектелмей, жаңа салалар мен экономикалық өсім бағыттарын бірлесіп қалыптастыру.

Мемлекет басшысы Қазақстанның инвесторлар үшін қолайлы әрі ережелері түсінікті ортаны қамтамасыз етіп, олардың құқықтарын қорғауды және стратегиялық маңызды жобаларды қолдауды жалғастыратынын растады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #инвестиция #Германия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);