AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Саясат 18.09.2026, 14:31 209
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: akorda.kz

Астанада Тәуелсіздік сарайында сегіз елдің төтенше және өкілетті елшісінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Самех Шехата, Швейцария Конфедерациясының елшісі Кристина Хонеггер-Золотухин, Эстония Республикасының елшісі Марье Лууп, Оман Сұлтандығының елшісі Салах Джабуб, Мажарстан елшісі Ференц Цомбош, Гвинея-Бисау Республикасының елшісі Браима Эмбало, Нигерия Федеративтік Республикасының елшісі Джозеф Олусола Иджи мен Дания Корольдігінің елшісі Ларс Туесен табыстады.

Президент елшілерге ілтипат білдіріп, еліміздің сыртқы саясатта бейбіт бағыт ұстанатынын жеткізді.

– Бүгін – шын мәнінде, елдеріңіздің өкілі ретінде Сіздер үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де өте маңызды күн. Осы орайда барлығымыз бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет екеніне сенімдімін. Өйткені Қазақстан бейбітсүйгіш ел саналады. Біз теңгерімді және сындарлы сыртқы саясат ұстанамыз. Ел ішінде реформа жүргізуге қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Сыртқы істер министрлігінің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Президент резиденциясының Сіздер үшін әрдайым есігі ашық. Өйткені қазіргі тұрақсыз әрі құбылмалы әлемде бірге болуға тиіспіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #елшілер #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Бүгін 17:00

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Бүгін 16:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);