Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Әлеумет 23.02.2022, 07:30 1,498
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Әкім экономикалық индикатордың өзгергені туралы есеп берді.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысына Алматы қаласының дамуы мен биылғы қаңтар айындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өзгергені туралы есеп берілді.



Президентке қаланы қалпына келтіру жұмыстары мен зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу шаралары туралы баяндалды. Ерболат Досаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында бизнеске жедел көмек көрсету үшін жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Ал өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге – 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылған. Қала әкімі қазіргі уақытта тіркелген 1413 кәсіпкердің 755-і өтемақы алғанын, 10 наурызға дейін шағын және орта бизнес субъектілері өтінімдерінің 90 пайызы орындалатынын айтты.



Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау тиімділігін арттыру шаралары туралы айтылды.


Мемлекет басшысына қалалық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және мектептерде орын тапшылығын азайту мәселелері жөнінде мәлімет берілді.


Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы қалпына келтіру және бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жандандыруды, инженерлік желілерді жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді азайту үшін баспана қорын қайта жөндеуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #президент #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика