конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Қаржы орталығын дамыту бағытында бірқата...

Президент Қаржы орталығын дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді

Билік 31.07.2024, 14:56 1,039 Bakyt
Президент Қаржы орталығын дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді
akorda.kz

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

Президентке орталықтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі нәтижелері және алдағы кезеңге жоспары таныстырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ренат Бектұровтың айтуынша, бүгінде Қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Бұл 2025 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып түседі. АХҚО құрылған сәттен бастап оның қатысушылары бюджетке 115 миллиард теңге салық төледі. Оның 29,8 миллиард теңгесі осы жылдың бірінші жартыжылдығында түскен. Қаржы орталығына қатысушылар санының артуы мен компаниялар қызметінің жандануы салық түсімдерінің ұлғаюына негізгі себеп болып отыр.

2024 жылдың алғашқы алты айында Орталыққа 500-ден астам компания қосылды. Бұл қатысушылардың жалпы санын 3 мыңға дейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай ықпал етті. Биылғы екінші тоқсанның соңындағы есеп бойынша АХҚО юрисдикциясындағы компаниялар 7600-ден астам жұмыс орнын ашты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Астана» халықаралық қаржы орталығының бизнес-қоғамдастықты қолдауға бағытталған шаралары туралы айтылды. Ренат Бектұров биыл маусым айында AIFC Community бастамасы аясында алғашқы іс-шара өткенін хабарлады. Сондай-ақ биыл 5-6 қыркүйекте болатын дәстүрлі Astana Finance Days 2024 шарасына дайындық барысын баяндады.

Президент Қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, ел экономикасына инвестиция тарту үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, барлық мемлекеттік орган мен қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #қаржы орталығы #Ренат Бектұров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Кеше 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Кеше 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Кеше 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Кеше 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Кеше 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);