AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады

Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады

Билік 21.05.2022, 08:45 1,442
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Сурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Мәжіліс спикері Президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барды.


Депутаттар күн сайын 250-ге дейін іс-шара өткізген. Еңбек ұжымдарында, базарларда, әлеуметтік нысандарда және шалғай елді мекендерде өткен кездесулерде тұрғындармен ашық пікір алмасуға баса мән берілді. Жалпы азаматтар ұсынылып отырған реформаларды қолдайды және референдумға қатысуға дайын.


Жалпыұлттық референдумға қатысты түсіндіру науқанына AMANAT партиясы да атсалысқан. Республикалық және облыстық штабтар, мәслихаттардың барлық деңгейіндегі фракция депутаттары мен партияның жастар қанаты белсенді жұмыс істеп жатыр.


Мәжіліс депутаттары сапарларының барысында тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер жөнінде ашық пікір алмасты. Көтерілген барлық мәселе бекітілген алгоритмге сәйкес Үкіметпен бірлесе жүйеленіп, пысықталады.


Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа палатаның заң шығару қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, сессия басталғалы бері 64 заң жобасы мақұлданған және 51-і қаралып жатыр. Олардың ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында әзірленген заң жобалары да бар.


Президентке Үкімет пен Есеп комитетінің былтырғы республикалық бюджеттің жұмсалуы жөніндегі есебін қоғамдық тыңдауға, сондай-ақ су ресурстары туралы парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндалды.


Мәжіліс төрағасы Президентке парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстарды күшейту жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, мамыр айында Жамбыл облысы Қордай ауылындағы шекара заставасында Қазақстан мен Қырғызстан парламенттерінің халықаралық істер және қорғаныс жөніндегі салалық комитеттерінің бірлескен көшпелі отырысы өткізілді. Онда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, көлік-логистикалық және кедендік рәсімдерді жақсарту мәселелері қарастырылды.


Маусым айында депутаттар Армениядағы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кеңесі мен Қырғызстандағы Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырыстарына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл жиындарда заң шығару қызметі мен сайлауды бақылау жөніндегі ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланбақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #президент #парламент #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);