AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Ким Бок Хванды қабылдады

Президент Ким Бок Хванды қабылдады

Саясат Бүгін 12:00 37
Президент Ким Бок Хванды қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясы (KIND) қазақ-корей инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Корпорациямен ықпалдастық

Президенттің айтуынша, еліміз Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын салуға үлес қосқан корпорациямен ықпалдастықты жалғастыруға мүдделі.

Алатау қаласын дамыту

Әңгімелесу барысында KIND корпорациясының Алатау қаласын дамытуға қатысу перспективасына баса назар аударылды.

Президент жобаның әлеуеті зор екенін атап өтіп, корей тарапы жаңа шаһардағы инфрақұрылымдық және инвестициялық бастамаларға белсенді атсалысатынына сенім білдірді.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы

Сондай-ақ Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарын жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырды.

Экономикалық ынтымақтастық

Ким Бок Хван Қазақстан Еуразияның маңызды көлік-логистика торабы ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өтіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Инвестициялық қор құру

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ким Бок Хван қазақ-корей бірлескен инвестициялық қорын құру мәселелерін талқылады. Аталған қор еліміздегі инфрақұрылым және энергетика жобаларына корей капиталы мен технологиясын тартатын тиімді тетік болмақ.

Көлік-логистика жүйесін жаңғырту

Сонымен қатар кездесуде корпорацияның көлік-логистика жүйесін жаңғыртуға, соның ішінде Ақтау, Құрық порттарын дамыту, өңірлік әуежайларды салу мен жаңарту мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу соңында Caspian Group және KIND арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Alatau City Authority мен KIND арасындағы Alatau Smart City жобасының бас жоспарын әзірлеу туралы келісім, Qazaqstan Investment Corporation мен KIND арасындағы стратегиялық келісім секілді құжаттармен алмасу рәсімі өтті.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #корея #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Web3-ті дамыту жөніндегі өңірлік орталық қалыптастыруда

Бүгін 13:00

Қазақстанда реттелетін криптонарықтағы сауда-саттық көлемі өсті

Бүгін 12:54

Қазақстанда цифрлық активтер нарығы үшін жіксіз тетіктер құрылады

Бүгін 12:49

Мемлекет басшысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды

Бүгін 12:45

Қазақстанда токенизация, стейблкоиндер және өңірлік криптохабты дамыту бойынша жаңа жобалар іске қосылады

Бүгін 12:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);