Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Президент Бас прокуратурада ауыс-түйіс жасады

Президент Бас прокуратурада ауыс-түйіс жасады

Заң мен тəртіп 21.10.2023, 05:36 1,182
Президент Бас прокуратурада ауыс-түйіс жасады
almaty-akshamy.kz
Мемлекет басшысы Бас прокурордың орынбасары мен Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасын тағайындады


Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының өкімдерімен:



  • Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды;

  • Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.


Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.


әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің маманы,Сыртқы істер министрлігі аппаратының атташесі, үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.


2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы болып қызмет етті.



















Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласы прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі маманы қызметінен бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.


2005-2010 жылдары Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау департаменті бөлімнің аға прокуроры, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент басшысының орынбасары, Бас прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі - Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.


Астана қаласының "Сарыарқа" ауданының прокуратурасын басқарды, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.


2018 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.


2022 жылдың маусымынан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Бас прокуратураның Стратегиялық дамыту департаментінің бастығы қызметін атқарды.


2023 жылғы 16 қаңтардан қазірге дейін Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болып қызмет етті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #прокуратура #орынбасар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика