AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент: Балалар мен әйелдер құқығын қорғау үшін...

Президент: Балалар мен әйелдер құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды

Әлеумет 14.03.2025, 16:26 720 Nursok82
Президент: Балалар мен әйелдер құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, өзіне-өзі қол салудың алдын алу және жалпы балалар мен әйелдер құқығын қорғауға қатысты қабылданған шараларды атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Биыл балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, өзіне-өзі қол салудың алдын алу туралы жоспардың мерзімі де аяқталады. Біз әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылдадық», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы барлық аймақта балаларға психологиялық қолдау көрсететін орталықтар ашылғанын және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске қатысты заңдар қабылданғанын атап өтті. Бұл заңдардың нәтижесінде ахуал біршама жақсарғанымен, кейбір шалғай аудандарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлі де жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ, жат діни ағымдардың жетегінде жүрген адамдар жағдайды одан әрі қиындататынын ескертті.

Президент жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарынан шет қалып отырғанын, сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстардың шашыраңқы болып тұрғанын атап өтті.

«Соның бәрін бір жерге жинақтаған дұрыс деп ойлаймын. Осыған орай, «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама қабылдаған жөн», – деп қосты Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбиенің қатар жүруі қажеттігін атап өтті.

«Ашығын айтсақ, бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек назар аударылды. Ал ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болған жоқ. Бұл салаға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келді. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды», – деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім тәрбие #ұрпақ өсіру #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);