Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Ассамблеяны саяси салмақты етпек: азамат...

Президент Ассамблеяны саяси салмақты етпек: азаматтық институт саясиға айнала ала ма?

Саясат 26.04.2024, 06:52 1,254
Президент Ассамблеяны саяси салмақты етпек: азаматтық институт саясиға айнала ала ма?
Сурет: Akorda.kz

25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сессиясы өтті. Келесі жылы Конституциялық статусы бар азаматтық институттың 30 жылдығы атап өтілмек.


Осындай айтулы күнге Президент дайындықты бастап кетті. Алдағы мақсат – Ассамблеяның саяси салмағын арттыру болмақ.


Бір жылдан кейінгі кадрлық рокировка


Ассамблея сессиясы болардан бір күн алдын Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгеріс жасады. Бұрынғы орынбасарлары  Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк қызметінен босатылды. Екеуі де тура бір жыл бұрын, 24 сәуірде тағайындалған еді. Олардың орнына  Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин тағайындалды.


Мұндай шұғыл шешім қабылдауға не түрткі болды?


Жаһандық геосаяси және өркениетаралық текетірес


Президент сессияда сөйлеген сөзінде жаһандық геосаяси, өркениетаралық, идеологиялық текетірестер жайлы айтты. Мәскеуде болған лаңкестік әрекет те ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіптердің бірі ретінде аталды.



«Біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз. Радикалды идеологияны дәріптеу және ксенофобия отын тұтату үшін халықаралық тұрақсыздықты пайдаланып қалғысы келетіндердің әрекеті анық көрінуде.


Кейбір мемлекеттердің геостратегиялық амбициясынан этнодіни астар іздеуге тырысатындардың, тіпті, оны өркениетаралық қақтығыс ретінде көрсеткісі келетіндердің үні қатты шыға бастады. Соның салдарынан қазір әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатқаны байқалып отыр.


Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты. Таяуда Мәскеу іргесінде жұртты қанға бөктірген лаңкестік оқиға жүрегімізге өте ауыр тиді. Көптеген азаматтар қайғылы оқиғаның құрбандарына жанашырлық, тілеулестік танытып, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы ғимараттарының алдына гүл шоқтарын қойды. Әлемнің барлық дерлік елдері осындай көрініске куә болды»



Тіпті қақтығыстарды этнодіни сипатта өрбітуге талпынушылық та байқалады. Сондықтан Ассамблеяның жұмысына жаңа серпін беру қажеттігі туындады.


Ішкі саяси себеп


Екіншіден, соңғы Конституциялық реформадан кейін Ассамблеяның саяси жүйедегі орны өзгерді. 2022 жылы 29 сәуірде Ассамблея сессиясында Президент бүкілхалықтық референдум өткізу туралы мәлімдеме жасаған еді. 5 маусымда өткен референдум нәтижесінде Ассамблеяның Парламенттегі өкілдігіне өзгерістер енгізілді:



  • ҚХА-ң Мәжілістегі 9 депутаттық мандаты алынып тасталды

  • Сенатта Президент тағайындайтын 10 депутаттың 5-еуі ҚХА құрамынан алынады


Қоғамдық талқылаудың басым бөлігі Мәжіліс қабырғасында өтетінін ескерсек, Ассамблеяның саяси салмағы осы реформа нәтижесінде азайды. Осы ішкі саяси себепке байланысты, Президент кешегі өткен сессияда институционалды әлеуетін нығайту мақсатында, оның жұмысына өзгеріс жасауды ұсынды.


Алда қандай өзгеріс күтіп тұр?



  • Мемлекеттік органдармен, Парламентпен және мәслихаттармен қарым-қатынасы жақсарады

  • Жергілікті атқарушы органдармен және мәслихаттармен жұмыс жүргізу тәсілі өзгереді

  • Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері екі айда кемінде бір рет Ассамблея өкілдерімен бірге этносаралық ахуалға қатысты жиналыс өткізеді. Бұл тапсырма Парламент пен өзге де меморгандарға да тиесілі

  • ҚХА ғылыми-сараптамалық әлеуетін арттырып, саяси шешім қабылдау процесіне араласа бастайды

  • Барлық өңірлерде этномедиация саласы қолға алынбақ

  • Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесі сияқты тиімді құрылымдар мемтапсырыс арқылы қаржыландырылып, ары қарай дами түспек

  • Ассамблея құрылымдары мен этномәдени бірлестік басшыларының бір орынбасарын жастардан тағайындалмақ

  • Достық үйлері қоғамдық кездесулер мен талқылаулар өтетін және тың бастамалар мен идеялар туындайтын комьюнити-орталыққа айналуға тиіс

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ассамблея #саяси салмақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика