AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты сұ...

Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты сұраққа жауап берді

Билік 15.07.2025, 11:38 1,169
Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты сұраққа жауап берді
Сурет: Malim.kz

Қазақстанда Перизат Қайраттың атышулы ісіне байланысты қайырымдылық қорларының жұмысына қойылатын талаптар күшейтіле ме? Бұл сұраққа премьер-министр Олжас Бектенов жауап берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

"Қазір Перизат Қайратқа қатысты даулы, резонансты іс қаралып жатыр. Осы жағдайдан кейін қайырымдылық қорлары мен халықтан қаражат жинаумен айналысатын ұйымдарға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіле ме?" – деп сұрады үкіметтегі брифингте тілшілер.

Олжас Бектенов бұл жағдайдан хабардар екенін айтты.

"Иә, әрине, бұл жағдаймен таныспын. Өкінішке қарай, мақсатсыз жұмсалатын тек бюджет қаржысы емес, азаматтардан жиналған қайырымдылық қаражаты да бар. Бұл – соның айқын мысалы. Және жалғыз мысал емес, басқа да оқиғалар болған. Бірақ бұл – ең шулы іс шығар", – деді премьер-министр.

Бектеновтың пікірінше, Қазақстанға қаражат жинауға қатысты заңнамалық өзгерістер қажет. Бұл қаражаттың жұмсалуын есепті, бақылаулы әрі ашық етуге мүмкіндік береді.

"Құқық қорғау органдары бұл ұрлықтың нақты қандай жолмен жасалғанын анықтап береді деп ойлаймын. Осыдан кейін осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңнамалық түзетулер енгізуге болады", – деп қосты Үкімет басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бектенов #Перизат Қайрат #жымқыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Жапонияның әскери дәрігерлері ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

Бүгін 12:05

Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесті

Бүгін 11:21

ҚазҰУ алаңында адами капиталдың даму перспективалары сараланды

Бүгін 10:41

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Бүгін 10:03

Алматыда екі жыл бойы діни насихат жүргізген радикал ұсталды

Бүгін 09:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);