AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Премьер-Министр орта бизнес өкілдерімен кездесті

Премьер-Министр орта бизнес өкілдерімен кездесті

Әлеумет 01.06.2023, 15:22 885
Премьер-Министр орта бизнес өкілдерімен кездесті
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Атамекен» ҰКП қолдауымен орта бизнес өкілдерімен кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


1 маусымда өткен шараға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері қатысты.


Үкімет басшысы соңғы үш жылда осы облыстарда 59 мыңнан астам бизнес жобасы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылғанын атап өтті. 


Атап айтқанда, 1,5 трлн теңгеге 28 мың жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланды. Оның ішінде орта бизнестің жалпы сомасы 406 млрд теңге болатын 2,5 мыңнан астам жобасы қолдау тапты. 


Сонымен қатар 12 мың субъектіге 487 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландыру ұсынылды, оның ішінде 102 млрд теңгеге 167 орта бизнес өкілдерінің жобалары қаржыландырылды.


Кездесу барысында кәсіпкерлер балық саласын дамытудың, атап айтқанда, жабдықтарды жаңарту, инфрақұрылымды жаңғырту, озық стандарттар енгізу және өнім экспорты, мұнай-газ машина жасау саласындағы импортты алмастыру, мұнай сервисін қолдау, батыс өңірлердің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту, салық салу және басқа да бірқатар өзекті мәселені көтерді.


Премьер-Министр бүгінгі таңда Қазақстандағы инвесторлар үшін мемлекеттен қолдау мен преференциялар алудың бірқатар тетігі жұмыс істейтінін атап өтті. Атап айтқанда, мұндай жеңілдіктер арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына және инвестициялар туралы келісім аясында көзделген.


Барлық көтерілген мәселе бойынша орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, облыс әкімдіктерінің басшылары жауап беріп, проблемалық мәселелерді бақылауға алды.


Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктері инфрақұрылым жүргізу, жер учаскелерін бөлу және олардың құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша көрсетілетін қолдау деңгейін арттыруы қажет екенін айтты. Өңірлік даму институттары да орта бизнеспен ынтымақтастықты кеңейтуі керек.



 «Әр әкімдік алаңында кәсіпкерлердің мәселелерін шешу бойынша жүйелі кездесулер өткізу қажет. Бизнес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде қолдауды сезінуі керек», — деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #сауда #орта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика