AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Премьер-Министр Олжас Бектеновке «AMANAT» партиясы...

Премьер-Министр Олжас Бектеновке «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тілектес Адамбеков депутаттық сауал жолдады

Ресми бөлім Бүгін 14:58 39 yakiya
Премьер-Министр Олжас Бектеновке «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тілектес Адамбеков депутаттық сауал жолдады

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тілектес Адамбековтің Премьер-Министр Олжас Бектеновке «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту туралы жолдаған депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

О. А. Бектеновке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Олжас Абайұлы!

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы азаматтар арасында кең қолдау тауып, қоғамды қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясымен біріктірген ең маңызды қоғамдық жобалардың біріне айналды. Бүгінде бұл бастама бір реттік акция ретінде емес, жаңа экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қабылдануда.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесінде табиғатты аялау қажеттігі атап енгізілген. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» бастамасы конституциялық реформаларды іске асырудың және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралына айналуда.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында тұрақты даму, экологиялық жағдайды жақсарту, өмір сапасын арттыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Осыған байланысты «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту мемлекеттік саясатты институционалдандыруға бағытталуы тиіс деп санаймын.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесілерді қарастыруыңызды сұраймын:

1)    барлық саяси партияларға «Таза Қазақстан» қағидаты мен акциясын өздерінің негізгі саяси бағдарламалары мен жарғыларына енгізуді ұсынамын, себебі «Таза Қазақстан» қандай да бір саяси идеология болмасын, барлығын біріктіретін ортақ қағидат, құндылық болу керек;

2)    «Таза Қазақстан» идеясы-қағидаты қоғамды жұмылдыра алатын үлкен әлеуеті бар идея. Сондықтан жалпыұлттық қозғалыс немесе тұрақты түрде жұмыс жасайтын штаб құру керек;

3)    «Таза Қазақстан» акциясының жүзеге асырылуы бойынша ақпарат тарататын арнайы сайт, платформа және басқа да цифрлық ақпараттық платформалар құру керек;

4)    «Таза Қазақстан» акциясы бойынша жыл бойы іс-шаралар өтеді. Бірақ көзге түсетін негізгі шаралар көбіне көктем мен күзде ұйымдастырылады. Сондықтан басқа да жыл мезгілдерінде көзге көрінетін осындай негізгі жобаларды енгізу керек. Мысалы, қоқыс жинау немесе табиғи және тарихи орындарды түрлі жазулардан тазарту;

5)    су ресурстарын ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету. Мысалы, ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін жаңбыр суы мен еріген қар суын жинап, тазалап, сақтайтын арнайы резервуарлар мен су қоймалары жүйесін іске қосу арқылы.

6)    елді мекендер арасындағы жолдардың бойында көпжылдық ағаштардан «жасыл дәліздер» құру. Бұл қыс мезгілінде қар үйінділерінің пайда болуын азайтып, жолдардың жабылу жиілігі мен ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді.

Құрметпен,

«AMANAT» партиясы

фракциясының депутаты                                                        Т. Адамбеков

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутаттық сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

Бүгін 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);