AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Пранк: ойнаймын деп от басқан "блогерлер" қалай жа...

Пранк: ойнаймын деп от басқан "блогерлер" қалай жазаланады?

Мұны білген жөн 23.07.2025, 12:40 794
Пранк: ойнаймын деп от басқан "блогерлер" қалай жазаланады?
Жасанды интеллект

Қытайда "пранк" түсіремін деген қазақстандық блогердің басы дауға қалды. Ол желіде сынның астында қалып қана қоймай, Қытай полициясы оның әрекетіне қатысты тексеріс бастаған. Ал "пранк" әрекеттер шын мәнінде әзіл ме, әлде құқықбұзушылық па? Қазақстан заңнамасында "пранк" үшін қандай жауапкершілік қарастырылған? Аqshamnews.kz тілшісі бұл туралы құқық маманы әрі фембике Әйгерім Құсайынқызымен сұхбаттасты. 

Бұған дейін не болған еді?

Қытайлық Sohu басылымының мәліметінше, қазақстандық блогер метро ішінде алдын ала келісіп қойған танысының телефонын қалтасынан суырып алып, өтіп бара жатқан адамдарға "ұсынып", кейін "ұры" деп жала жапқан. Сонымен қатар, көшедегі ер адамдардың қолына тиісіп, өз әрекетін "әлеуметтік тәжірибе" деп сипаттаған.

Кейін Қытай полициясы блогерге қатысты тексеріс бастаған. 

"Пранк" - әзіл ме, әлде құқықбұзушылық па?

Бұл сұраққа Әйгерім Құсайынқызы былай деп жауап берді:

"Пранк жасау әрекеттері Қазақстан заңнамасында арнайы "пранк" деп аталмаса да, мазмұнына қарай бірнеше нақты баптармен реттелуі мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 274-бабы - көрінеу жалған ақпарат тарату, 293-бап - бұзақылық, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы - ұсақ бұзақылық. Егер пранктың нәтижесінде зардап келген болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы әбден мүмкін".

Құқық маманының айтуынша, пранк жасаушының әрекеті қандай салдарға алып келгеніне қарай, ол қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Пранк жасаушы өз әрекетінің "әзіл" екенін айтып, жауапкершіліктен құтыла ала ма?

"Жоқ, пранк жасаушы өзінің әрекетін "әзіл" деп сипаттау арқылы заң алдындағы жауапкершіліктен автомат түрде босатылмайды. Қазақстан заңнамасы бойынша, істің мән-жайына қарай сот нақты зардап пен қасақана болған-болмағанына қарап шешім шығарады. "Мен әзілдедім" деп ақталу қылмыстық құрамды жоққа шығармайды", - дейді маман. 

Егер біреудің рұқсатынсыз түсірілген пранк видео желіге жарияланса, жеке өмірге қолсұғушылық болып есептеле ме?

"Иә, рұқсатсыз түсірілген пранк видеоны әлеуметтік желіге жариялау мен тарату жеке өмірге қолсұғушылық болып есептеледі және бұл Қылмыстық кодекс бойынша қылмыс құрамына жатады", - дейді Әйгерім Құсайынқызы. 

Әйел пранк жасаса әдепсіз көрініп, ер адам жасаса күлкілі болатыны рас па?

Құқық маманы Әйгерім Құсайынқызы мәселенің басқа, бұдан да терең тұсына назар аударды. 

"Әйел жасаған пранк жиі "қоғамдық моральға қайшы" ретінде қабылданады. Әдетте ол желіде "қоғамдық сот" құрбанына айналады. Erving Goffman және кейінгі гендерлік медиа зерттеушілер ер адамдар жасаған пранк жиі "креатив, батылдық, көшбасшылық" сияқты ұғымдармен байланыстырылса, әйелдердің пранкі "арсыздық, әдепсіздік, ұятсыздық" деп қабылданады.
Бұл - бірдей әрекетті екі түрлі бағалау",- дейді ол.

Әйгерім Құсайынқызы 2021 жылғы Pew Research Center және Digital Feminist Lab зерттеулерін де келтірді. 

"2021 жылғы Pew Research Center және Digital Feminist Lab зерттеулері әйел блогерлер мен TikTok контент жасаушылары жасаған пранк видеоларға теріс пікірлер, сырт келбетке тіл тигізу, моральдық айыптау жиірек тіркеледі. Ерлер жасаған пранк видеоларында "әзілі мықты", "контенті күшті" деген пікір басым", - деп қорытындылады ол. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде ойыншық тапаншамен пранк жасаған ер адам сотталған еді. Сот қаулысыменер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Ал бұдан 4 жыл бұрын наурызда Мәскеуде қазақстандық блогерлер пранк жасады. Блогер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебай такси шақырған. Сөйтіп жүргізуші блогерлердің сөмкесін көліктің артына салып жатқанда жігіттер көлікті айдап кетіп қалған. Пранкерлер бірнеше минуттан кейін қайтып келіп, бұл әзіл екенін түсіндірген. Бірақ оларды полиция алып кетіп, қылмыстық іс қозғаған. 25 қарашада блогерлердің әрекетіне қатысты сот үкімі шықты. Үкім бойынша пранкерлер 3,5 жылға сотталып кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пранк #Әлеуметтік желі #заң #қыз #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика