Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Полиция мектеп айналасындағы жол қауіпсіздігін тек...

Полиция мектеп айналасындағы жол қауіпсіздігін тексерді

Заң мен тəртіп 17.02.2024, 08:29 1,083
Полиция мектеп айналасындағы жол қауіпсіздігін тексерді
Сурет: Polisia.kz

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 1462 білім беру мекемесі бар. 


Алматы полициясы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелерге іргелес аумақтарға тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жалпы, білім ошақтарындағы жол белгілері толығымен орнатылған. Айтпақшы, жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару үшін максималды жылдамдық туралы хабарлай отырып, “Назар аударыңыз! Балалар!”, “Жаяу жүргіншілер” және басқа да ақпараттары бар жол белгілерінің 1408 бірлігі орнатылып, 588 бірлігі ауыстырылды. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және іргелес аумаққа балалардың кездейсоқ шығуына жол бермеу үшін негізгі көшелерге темір қоршаулар мен қоршау дөңгелегі орнатылды. Сондай-ақ 207 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі LED жарықтандыруымен және жеке жобаланған панельдермен жабдықталған», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



Сонымен бірге, ӘПБ мәліметтері бойынша, білім беру мекемелері аумағында көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау мақсатындаСергек” АӨК-нің 112 бекеті жұмыс істейді. “Мектеп автобусы” жобасын жүзеге асыру аясында 2023 жылы 30 мектепке 8258 оқушыны қамтитын 100 автобус сатып алынды. 2024 жылы 15360 баланы қамтитын тағы 100 автобус сатып алу жоспарда бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #мектеп #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика