AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Полиция азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген...

Полиция азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Әлеумет 01.12.2024, 13:32 806 Nursok82
Полиция азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ мүшелерін ұстады
polisia.kz

Полиция азаматтардың атына алаяқтықпен несие рәсімдеген қылмыстық топтың қатысушыларын ұстады, –   деп хабарлайды aqshamnews.kz.

26 қарашада Ақмола облыстық ПД өңір прокуратурасының бастамасымен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақмолалық азаматтардың атына екінші деңгейдегі банктерден несие ресімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстау шарасын Көкшетау және Алматы қалаларында өткізді.

Барлығы жедел қызметкерлер қылмыстық топтың 5 мүшесін ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Жедел уәкілдердің айтуынша, бірнеше ай бойы төрт ақмолалық пен оңтүстік астананың тұрғыны негізінен ауылдық жерлерден адамдарды тауып, алдау жолымен олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген.

Сенімге қиянат жасаудан басқа, жәбірленушілерді Алматы қаласына әкетіп, жылдам табыс табуға уәде берген. Бүгінгі таңда топтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 7 адам белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, құрбандардың нақты саны әлі де анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тінту іс-шаралары кезінде қолма-қол ақшаны, травматикалық және суық қаруды, сондай-ақ телефондарды, флэш-карталарды және банктік келісімдерді тауып, тәркіледі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық бес қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері жәбірленуші азаматтардың санын және залалдың жалпы сомасын анықтап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #несие #ұйымдасқан қылмыстық топ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48

Такси жүргізушілері нені білуі тиіс?

Бүгін 09:21

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасында студенттердің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, найзағай: бірқатар өңірге дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);