AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Полицейлерге спутник көмекке келді

Полицейлерге спутник көмекке келді

Заң мен тəртіп 09.10.2023, 06:28 1,109
Полицейлерге спутник көмекке келді
Сурет: Gov.kz

Есірткі өсетін жерлерді анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ ғарыштық спутниктері арқылы жер беті қашықтықтан тексерілген. 


Нәтижесінде ықтимал есірткі плантацияларының 60 географиялық координаты полицияға берілген. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 32 тонна есірткі тәркіленді.





«Жыл сайын маусым-қазан айлары аралығында жабайы қарасораның өсіп-жетілуі кезеңінде Ішкі істер министрлігі «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. 1 маусымнан бері аталған шара барысында 820 есірткі қылмысы анықталды. 6 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардың жетекшілері мен 54 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек баспасөз мәслихатында.




ІІМ мәліметінше, заңсыз айналымнан 32 тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде 5,3 тоннаға жуық марихуана, 476 келіге жуық гашиш, 241 келіден астам «синтетика» және 62 келіден астам героин.




«Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарында қарасора өсірілген 65 плантация анықталды. Олардың жалпы аумағы 10 гектардан асты. Бұл ретте салмағы 20 тоннадан асатын 70 мыңнан астам қарасора бұталары тәркіленіп, жойылды. Мұндай есірткі өсімдіктерін анықтау үшін полицейлер Ұлттық ұланның тікұшақтарын пайдаланып, «Бүркіт» арнайы жасағының қызметкерлерін жұмылдырды. Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстарының аумағында 150 мың шаршы шақырымнан астам жер тексерілді. Жалпы 70 рет әуеден барлау жүргізілді», - дейді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарасора #спутник #полицейлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика