Пойыздар тегін жүреді

Пойыздар тегін жүреді Сурет: almaty-akshamy.kz

Бүгіннен бастап Құлсары-Атырау бағытында жолаушылар пойызы тегін қатынайды.


Кеше республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары арасындағы тас жолды су шайып кетті. Бүгін сағат 10:30-да пойыз Құлсары станциясынан облыс орталығына аттанады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.


Жолаушылардың сұранысына сәйкес Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай мен Мақат станцияларына да тоқтайды. Шоқпартоғай ауылы аралда қалғаннан кейін елді мекенге азық-түлік, қажетті құрал-жабдықтар жеткізу жоспарланып отыр.


Жүсіп Қалиханов, Құлсары теміржол станциясының бастығы:


- Жылыой ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан теміржолы атынан 5 вагон берілді. Жалпы тегін. Жолаушыларға билет сатылмайды. Атырауға барам деушілер болса, Шоқпартоғайға барам деушілер болса, жолда Мақат, Доссор деген станцияларға барам деушілер болса осы пойызға мінуіне болады.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21