конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Пикниктен кейін қоқыс қалдырмаңыз: Астанада тұрғын...

Пикниктен кейін қоқыс қалдырмаңыз: Астанада тұрғындарға ескерту жасалды

Заң мен тəртіп 31.07.2026, 15:07 186
Пикниктен кейін қоқыс қалдырмаңыз: Астанада тұрғындарға ескерту жасалды
gov.kz

Елорданың Алматы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында саябақтар мен қоғамдық орындардағы тазалыққа бақылау күшейтілді. Кезекті профилактикалық рейд Триатлон саябағында өтіп, оған аудандық полиция қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Рейдтің басты мақсаты – тұрғындарды жазғы демалыс кезінде қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырып, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу. Мамандардың айтуынша, күн жылынып, саябақтарға келушілер көбейген тұста тазалық мәселесі де өзекті бола түседі.
Әсіресе демалыс күндері тұрғындар саябақтарда отбасымен уақыт өткізіп, пикник ұйымдастырады. Алайда кей азаматтар демалыстан кейін артынан қалған қоқысты жинамай кетеді. Соның салдарынан саябақтардың жекелеген аумақтарында тұрмыстық қалдықтар көбейіп, бұл жағдай басқа тұрғындардың наразылығына себеп болады.

«Біздің басты мақсатымыз – бірден жазалау емес, ең алдымен тұрғындарға түсіндіру жүргізу. Жаз мезгілінде адамдар саябақтарға көп шығады, пикник ұйымдастырады. Өкінішке қарай, кей жағдайда өздерінен кейін қоқыс қалдырып кететіндер кездеседі. Осыған байланысты тұрғындардан шағымдар түсіп жатады. Біз мұндай өтініштерді ескеріп, тиісті жұмыстар жүргіземіз», – деді Алматы ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынай Мұсаева.

Алматы ауданы аумағында үш ірі саябақ – Триатлон, Жастар және Жерұйық саябақтары орналасқан. Бұл орындар қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық кеңістіктердің бірі саналады. Сондықтан олардың тазалығы мен тәртібін сақтау – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барлық азаматтың ортақ міндеті. «Заң мен тәртіп» баршаға ортақ қағида.
Рейд барысында тұрғындарға қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, демалыстан кейін аумақты жинақтап кету және қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық жұмыс бір реттік акциямен шектелмейді. Мамандардың айтуынша, саябақтар мен қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар аптасына кемінде екі-үш рет өткізіліп тұрады. Жұмыстар тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдар мен аудан аумағындағы ахуалды зерделеу нәтижесіне қарай ұйымдастырылады.

Бұл ретте «Таза Қазақстан» акциясының мәні аумақты бір күнде тазалап шығумен ғана шектелмейді. Оның негізгі мақсаты – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулік ішінде 1 675 рет жол ережелері бұзылғаны анықталды

Бүгін 08:13

Алматыда ALMATY SUMMER FEST сахнасында Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды

Кеше 18:00

Таңдау өз қолымызда: алматылықтар алдағы сайлау туралы не ойлайды

Кеше 17:03

Кедергісіз сайлау: Алматыда әрбір сайлаушы үшін қолжетімді орта қалай қалыптастырылуда

Кеше 16:09

Есептен шығару куәлігінен үйде дауыс беруге дейін: Алматы сайлаушылары нені білуі маңызды

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);