AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Петропавлда төрт ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталд...

Петропавлда төрт ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Заң мен тəртіп Бүгін 12:05 46
Петропавлда төрт ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Polisia.kz

Петропавл тұрғыны манипулятор кабинасындағы ұрлықтың ашылғаны үшін полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы полиция басқармасының екінші полиция бөлімінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, қала аумағында жасалған бірнеше ұрлықты ашты. Жәбірленушілердің бірі – автокран-манипулятордың иесі.

Ол демалыс күндері көлігін Алматы көшесіндегі аулалардың біріне қалдырған. Қайтып келгенде жүргізуші орындығы жағындағы әйнектің сынғанын байқап, кабинадан құрал-саймандар жиынтығы, монитор мен салқындату жүйесінің реттегіші ұрланғанын анықтаған. Осыдан кейін қала тұрғыны полицияға арызданған.

Бұдан бөлек, гараждардан екі, жертөледен бір ұрлық жасалғаны белгілі болды. Қылмыстар түнгі уақытта "Океан" дүкенінің маңында, есіктерді бұзу арқылы жасалған. Бұл деректер күдіктінің қылмыс жасау тәсілін меңгергенін аңғартқан.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу және полиция есебінде тұрған адамдарды тексеру нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – мүлікке қатысты қылмыстар үшін бұрын сотталған 36 жастағы Петропавл тұрғыны. Ер адам жазасын өтеу мекемесінен биыл шілде айында босап шыққан. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Төрт ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Манипулятордан ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін заттар заңды иесіне қайтарылады. Қала тұрғыны қылмыстың ашылуына үлес қосқан полицейлерге алғысын білдірді.

Полицейлер ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарлама мен "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында жүйелі жұмыс жүргізуде. Он айдың қорытындысы бойынша өңірде ұрлық деректері 14,7 пайызға азайған.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында:

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін 12:39

Алматыдағы №37 емхананың тәжірибесі Қазақстан бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандартына негіз болды

Бүгін 12:26

«Қарагөз-Айым» – өнер мен өмір тоғысқан сахна

Бүгін 11:47

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін 11:46

Алматылық мұғалімдер ЖИ технологиясын пайдаланады

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);