AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы №37 емхананың тәжірибесі Қазақстан бойы...

Алматыдағы №37 емхананың тәжірибесі Қазақстан бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандартына негіз болды

Алматы Бүгін 12:26 40
Алматыдағы №37 емхананың тәжірибесі Қазақстан бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандартына негіз болды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы №37 қалалық емхананың тәжірибесін бүкіл ел бойынша енгізіліп жатқан медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) бірыңғай стандартына негіз ретінде қабылдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласыны Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Қазақстанның денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Алматыдағы №37 қалалық емханаға барып, оның жұмысын ұйымдастыру тәртібімен және медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін енгізу тәжірибесімен танысты.

Алматының Бостандық ауданында 2025 жылы салынған емхана бір ауысымда 500 адамды қабылдайды. Қазір мұнда 41,5 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетіледі.

Медициналық мекеменің жұмыс жүйесі үш негізгі бағытқа құрылған: пациенттерге қолайлы жағдай жасау, медициналық қызмет сапасын арттыру және цифрлық технологияларды кеңінен қолдану. Мәселен, келушілердің уақытын үнемдеу үшін электронды кезек жүйесі енгізіліп, науқастар медициналық көмекке деген қажеттілігіне қарай қабылданады. Сонымен қатар емханада кедергісіз орта қалыптастырылған. Тұрғындар жиі баратын кабинеттер бірінші қабатқа орналастырылған.

Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында тәлімгерлік жүйесі, көшпелі бригадалар жұмысы, ішкі аудит және қызметкерлердің жұмысын бағалау тетіктері енгізілген. Емхана толық цифрландырылған. Мұнда дәрігерге онлайн жазылуға, телемедицина қызметін пайдалануға және басқа да цифрлық сервистерге жүгінуге болады.

Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық және оңалту көмегі көрсетіледі. Науқастар магниттік-резонанстық томографиядан (МРТ), компьютерлік томографиядан (КТ), рентген және маммография тексерулерінен, сондай-ақ зертханалық және эндоскопиялық зерттеулерден өте алады. Сонымен қатар скрининг орталығы, күндізгі стационар, амбулаториялық хирургия және оңалту орталығы жұмыс істейді.

Бірыңғай стандарт пациенттердің медициналық қызмет алу тәртібін жеңілдетіп, бір жерде кешенді медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.

Сапар барысында Қазақстанның денсаулық сақтау басқармаларының басшылары емхана жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен, цифрлық шешімдердің енгізілуімен және медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдерімен танысты.

Айта кетейік, «МСАК бірыңғай стандарты» бағдарламасы бұған дейін Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының қолдауымен бекітілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін 12:39

Петропавлда төрт ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 12:05

«Қарагөз-Айым» – өнер мен өмір тоғысқан сахна

Бүгін 11:47

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін 11:46

Алматылық мұғалімдер ЖИ технологиясын пайдаланады

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);