ffin.kz

Періштелер сөз алады

Періштелер сөз алады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кез келген баланы періште десек болады. Себебі, олар қулық-сұмдықтан ада, жүрегі ақ, ойы таза, көңілі де кірленбеген. Не ойлайды, нені көріп тұр, соны дәл сол күйінде боямасыз, шынайы айтады.


Алатау ауданындағы  «Шаңырақ-2» шағынауданындағы Елшаманова Айгүл Маханбетқалиқызы жетекшілік етіп отырған «Шаттық» балабақшасына жолымыз түскен болатын. Ондағы тәрбиеші Римма Аралбайқызының балаларымен, нақтырақ айтсақ, «Самұрық» тобының балдырғандарымен тілдестік.



Өздері бірінен-бірі өткен сондай сүйкімді. Тілі тәтті, арманы асқақ бүлдіршіндер не айтты, кәне, бірге оқиықшы.


 


«Үлкен үй сатып аламын»


Нұрислам ТҰҢҒАТАР:



Мен жазды асыға күтіп жүрмін. Жазда Інжу тәтемнің сабағы бітіп, демалысқа шығады. Сосын мені күреске апарып, алып келеді. Мен бәрін жеңемін де, кө-ө-п ақша тауып, үлке-е-н үй сатып аламыз. Атам мен апамды


ауылдан әкеліп аламыз. Бәріміз бірге тұратын боламыз.


Әкем жақында машинасын сатып жіберді. Басқа машина таппай жатырмыз, әкеме ұнамай қалып жатыр. Біз ақ машина аламыз. Өйткені, ақ машинаның жүрегі де ақ болады.


Анашым «жазда далаға көп шығуға болмайды, күнге күйіп кетесің» дейді. Кеше мен көшеден қап-қара болып кеткен (негр жігітті айтып отыр) ағаны көрдім. Ондай қара болғым келмейді, сондықтан далаға көп шықпайтын шығармын.


 


«Әнұранды жатқа білемін»


 


Ардақ ЖҰМАМҰРАТ:



Маған көктем мен жаз мезгілдері ұнайды. Жасыл түсті жақсы көремін. Қыста суық, тоңасың. Ал көктемде күн жылынып, адамдар жеңіл киінеді. Күн жылы болғандықтан, ойнауға барамыз, батутқа секірген күшті. Көбінесе ата-анаммен барамын.


Үйдегілер мені «Адик» деп атайды. Балабақшадағы апайлар мен балалар да солай атайтындықтан, көбі менің шын есімім солай екен деп қалады.


Әнұранды жатқа білемін. Өскенде полиция болғым келеді, бірақ бұл арманым өзгеріп кетуі де мүмкін.


Біздің балабақшада таэквондо үйретеді, ағай сабақ береді. Жақында өткен жарыстан аяғымды ауыртып алдым, сосын орын ала алмай қалдым. Айтпақшы, екі әпкем далаға шығып кетеді де, қарындасым екеумізден тығылып тәттілер жеп келеді. Оны папам мен мамам біліп отырады. Бірақ ұрыспайды.


 


«Күліп жүрген ұнайды»


Кәусар БОЛАТБЕК:



Балабақшаға сіңлім екеуміз келеміз. Сіңлім бола тұра, ата-анам мені қатты еркелетеді. Әкем мені мойнына отырғызып, ағам аспанға лақтырады, маған солай еткен қатты ұнайды. Балабақшада барлық қызбен доспын.


Маған  жылы болып тұратын мезгілдер ұнайды. Қыста көбінесе аққала жасаған күндер ғана ұнайтын секілді. Күн жылы кезде жарқыраған күн шығып, адамдар да күле бастайды, енді жақсы көретін балмұздағымды да жиі жейтін болдым.


Анамның күріш тамағын, сосын лағманын жақсы көремін. Дәмді пісіреді. Ақ пен қара түстерді ұнатамын, екеуі бір-бірімен жақсы үйлесетін секілді.


Мен өскенде дәрігер боламын деп жүрмін. Ауырып қалған адамдарды емдеп, көмектескім келеді.


 


«Қыздарды сыйлау керек»


 


Даниял МҰСТАФИН:



Достарымның көбі балабақшада. Бірақ олармен кейде төбелесіп те қаламын. Әсіресе, сыртқа ойнауға шыққанда ініме тиіскен баланы көрсем, жүгіріп барып сол баланы ұрғым келіп тұрады. Бірақ Римма апай бізге «бәрің бір үйдің баласындай дос болыңдар, ертең мектепке кетіп қалсаңдар, сонда бір-біріңді сағынасыңдар» дейді ылғи. Сосын үндемеймін.


Балабақша беретін тамақтардың бәрі дәмді, әсіресе маған палау ұнайды.


Анам мені «жаным бөпем», «өзі жүрек сияқты» деп еркелетеді. Ол сөздер мені қуантады.


Мен жігіт болғанда, дәрігер болсам деймін. Боксқа да қатысатын шығармын.


Жаз шыққанда гүлдер әдемі, жайқалып өседі, қыздар да гүлдер сияқты әдемі. Қыздарды ренжітуге болмайды, оларды сыйлау керек.


 


 «Отанымды да, отбасымды да


қорғайтын боламын»


Қайыржан ЖОЛДАСБЕКОВ:



Маған да жылы мезгілдер, жылы күндер ұнайды. Себебі, ондай күндері туыстарыма қыдырып барамын. Олар өте алыста тұрады. Жолда жүрген де ұнайды. Көліктің терезесінен далаға қарап отырған сондай жақсы.


Ата-анам мені «Қайрош» дейді. Балабақшаға өте кішкентай кезімнен бастап келіп жүрмін. Апайлардың айтуынша, мен көп сөйлемейтін, айтқанды қылатын бала болыппын, ал қазір шамалы өскесін олай емес екенмін.


Әнұранды бәріміз жатқа білеміз, балабақшада күнде таңертең айтамыз.


Өскенде ағалар сияқты әскерге барамын, Отанымды қорғайтын боламын. Отбасымды да қорғаймын. Сосын боксқа қатысқым келеді, өзімді қорғап жүру үшін.


 


«Гүлдерді жұлуға болмайды»


 


Айлин САБИРОВА:



Көктем  шықса, отбасымызбен қатты қуанамыз. Күн жылынған соң, сыртқа ойнауға рұқсат етеді. Аулада да, балабақшада да барлық баламен дос болғанды жақсы көремін. Ұрсыспау керек. Ойыншыққа таласпау керек.


Жаз мезгілі тіпті ұнайды. Ол кезде менің күндерім өте көңілді өтеді. Күн жадырап, балмұздағымызды же-е-п, аулада ұзақ серуендейміз.


Мен үйдің кенжесі болғандықтан, үйдің еркесімін. Ата-анама қатты еркелеймін. Гүлдерді жақсы көремін, оларды жұлуға болмайды. Өйткені гүлдердің де жаны болады екен, жұлып алсаң, жылап қалуы мүмкін.


Менен сіз сияқты «өскенде кім боласың?» деп сұрайтындар көп. Мен «Адам боламын» деп жауап беремін. Шынымен жақсы адам болғым келеді!


 


«Ауыл деген жақсы»


 Әлихан БЕЙДАХМЕТ:



Біз ауылға бір жылда бір-ақ рет барамыз. Онда да анам демалыс алғанда. Менің анашым аспаз болып жұмыс істейді. Балаларға дәмді тағамдар мен түрлі шырындар дайындайды.


Ауылға баруға асығып тұрамын. Ауыл деген жақсы ғой. Біздің үйде сиыр, жылқы, қойларымыз бар. Олардың балалары да сондай сүйкімді. Ауылға барсаң раха-ат қой, құрт, май жеп, айран, сүт ішесің. Оның бәрі адамға пайдалы дейді, көп ішсең, мықты жігіт болып өсесің. Мен мықты болып өссем, Отанымды қорғайтын сарбаз боламын.


Бізге ағылшын тілін үйретіп жатыр. Биыл балабақшамен қоштаспайтын болдым, әлі бір жылым бар екен.


 


«Ол біз үшін қашанда биік»


 Айсұлтан БАЯНБАЙ:



Мен биыл балабақшамен қоштасамын. Сағынатын боламын. Маған балабақшаның күріш сорпасы ұнайды, бірақ барлық тамағы дәмді.


Кешке үйге барғанда, қыздардың ортасындағы жалғыз ұл мен болғандықтан, әкем мені «Арыстаным» деп еркелетеді. Әкемнің үмітін ақтағым келеді. Жақсы оқушы боламын, әскерге барамын.


Қайрат Нұртастың әндерін тыңдаған ұнайды.


Біздің Президентіміз – Қасым-Жомарт Тоқаев деген ата. Ол бәрімізді басқарып отыр. Астанада Бәйтерегіміз бар, ол біз үшін қашанда

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04