AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Педагогтың жалақысы 2,5 есеге артты

Педагогтың жалақысы 2,5 есеге артты

Әлеумет 04.10.2023, 04:28 1,361
Педагогтың жалақысы 2,5 есеге артты
gov.kz

Биыл алғаш рет Мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанға бекітілді. Ертең Астанада Республикалық педагогтер съезі өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Педагогтер арнайы ұйымдастырылған алаңдарада озық еңбектерімен және халықаралық тәжірибелермен бөліседі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылы педагогтердің мәртебесі жеке заңмен бекітілді. 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтерілді. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ға өсті. Осылайша, 97 мыңнан астам педагогтың жалақысы 2,5 есеге артты.




Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20390 педагог өзінің кәсіби біліктілігін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзыреттілік орталықтары» жұмыс істейді, онда тәрбиешілер тәжірибе алмасып, үздіктерін тарата алады.


Сонымен қатар, Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдауда. Жыл басынан бері 29620 орындық 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жыл соңына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың жаңа орын, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарлануда.


Бүгінгі таңда Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілікті есепке алудың бірыңғай дерекқорын құруда. Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін құрады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #педагог #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);