AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Павлодарлық майдангерлерге сый-құрмет көрсетілді

Павлодарлық майдангерлерге сый-құрмет көрсетілді

Әлеумет 04.05.2022, 15:00 1,072 Almaty-akshamy
Павлодарлық майдангерлерге сый-құрмет көрсетілді
Cурет: Baq.kz

Ертіс өңірінде Ұлы Отан соғысы жылдары ел мен жер үшін отқа түскен 18 ардагер бар


Жеңіс күні қарсаңында оларға сый-құрмет көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Осы күндері облыс басшылығы облыстың түкпір-түкпірінде тұратын ардагерлердің шаңырақтарында болып, мерекемен құттықтады. 


Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, майдангерлер – облысымыздың алтын қорындағы арда азаматтар. Аймақ басшысы алдымен Ертіс ауданының Северное ауылында тұратын Алексей Печеталовтың жанұясына ат басын тіреді. Ардагер жүк көлігін жүргізіп, бау-бақша шаруашылығына жетекшілік еткен.


Ал Шідерті ауылында тұратын Мария Смирнова өмір бойы оптимистігімен ерекшеленіп келеді. Соғыс тауқыметін тартқанына қарамастан, жан дүниесі сергек. 



«1927 жылы ата-анам коллективтендіру шараларына қатысты. Оларды алып та кетті. Сондықтан, жас кезімнен бастап колхоздың жұмысына араластым. Ересек адамдардан қалыспадым. Себебі, халықтың ішінде болдым, ажыраған жоқпын», - дейді ардагер.



Мария Смирнова 1942 жылы 312-ші атқыштар дивизиясының құрамында санитарлық нұсқаушы болды. Ржев доғасында алған жарақатынан соң қызметін қайта атқарды. Ал 1964 жылы Павлодар облысына келіп, Майқайың кенішінде еңбек етті. «Ертіс-Қарағанды» арнасының құрылысына да атсалысты. Бүгінде екі ұл мен бір қызды тәрбиелеген бақытты ана. 


Айта кетейік, мереке қарсаңында Жеңіс күнін жақындатқан батыр ардагерлер екі миллион теңге көлемінде бір реттік көмек алады. Десе де, Жеңіс сыйлаған азаматтарға қанша құрмет көрсетсек те, аз болар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардагер #Соғыс #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);