AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Парыз бен борышты арқалап

Парыз бен борышты арқалап

Әлеумет 09.09.2024, 15:36 804 Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА, ҰҚК шекара қызметінің запастағы подполковнигі
Парыз бен борышты арқалап
Фото: ҰҚК шекара қызметі

4 қыркүйек. ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы шекара басқармасының техникалық және кәсіби даярлық бөліміне әскерге шақырылған жас жігіттердің алғашқы легі келді.

Жылдағы дәстүр бойынша, бөлімнің бастығы подполковник С. Әуезов бастаған офицерлер мен сержанттар қақпадан алғаш болып кірген 40-қа жуық бозбаланы бауырсақпен қарсы алды. Облыс орталығы Қонаев қаласынан жеткізілген жас сарбаздардың жүздерінен қобалжу байқалады. Алайда, бұл уақытша жағдай екені анық. Бірнеше күннен соң олар әскери өмірге үйреніп, әскердің қатаң тәртібіне бой үйрететіні белгілі. Қақпадан енген болашақ сарбаздарды Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» әні қарсы алып, олардың Отан алдындағы міндеттерін еске салды.

Әскери көліктен түскен жас сарбаздар сапқа тұрғызылып, алдына шекара басқармасы бастығының орынбасары, техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің бастығы подполковник Сағадат Әуезов сөз сөйледі. Ол: «Отан қорғау – әрбір азаматтың қастерлі міндеті. Бүгіннен бастап, сендер үшін әскери өмірдің қарбалас кезеңі басталады. Мұнда сендер шекара күзетудің қыр-сырын меңгересіңдер», – деп, жас сарбаздарды жігерлендірді.

Сөз кезегін шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының белсенді мүшесі, отставкадағы полковник Қазақбай Ертышбаев жалғастырды:

– Қырандарым, әскери өмірге қош келдіңдер! Осы сәттен бастап, сендер туған жердің тыныштығын күзететін сарбаздарға айналасыңдар. Бұл жерде сендерді тәжірибелі офицерлер әскери өмірге үйретеді. Мен де сендер секілді жас сарбаз болып, қолыма қару алдым. Өмір бойы шекараны күзетуге адал қызмет еттім, және сол үшін мемлекет мені марапаттады. «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі мен «Шекара қызметінің құрметті ардагері» атағына ие болдым. Міне, бүгін де сендер секілді жас сарбаздармен кездесіп, шекара қызметінің қызығы мен қиындығы туралы айтып келемін.

Үш айдан кейін сендер де осы жерде білім алып, шекараға аттанасыңдар. Сол уақытқа дейін талай рет кездесетін боламыз. Әскерде «Отан» деген сөздің мән-мағынасын терең түсініп, шекараға барған соң сендер мүлдем басқа адам болып шығасыңдар. Шекара сендерді шыңдап, ата-аналарыңның қадірін түсінуге, Отанды қорғауға жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Бұл үшін сендер әскери тәртіпке бағынып, жақсы оқуға талпынуларың қажет. Мен сендерге сенемін! Қадамдарың құтты болсын!

Шекара қызметінің құрметті ардагері Қазақбай ағамыз жас сарбаздарға Парыз бен Борыштың, Отанға деген махаббат пен адалдықтың қасиетті жолын көрсетті.

– Күздің алғашқы аптасында әскерге шақырылған жас азаматтардың алғашқы легі келді. Бұл тек бастамасы. Ай соңына дейін тағы 500-дей сарбаз келеді деп күтілуде. Бүгін келген жас сарбаздарды алдымен медициналық тексеріс күтіп тұр, содан кейін олардың әрқайсысына арнайы тігіліп, өлшемі бойынша әскери форма беріледі. Бірақ бұл олардың шекарашы атанғанын білдірмейді. Алдымен олар әскери жаттығуларды өтіп, Ант қабылдаулары керек. Осыдан кейін ғана ел шебінің қорғаны деген мәртебелі атаққа ие болып, шынайы қару ұстауға мүмкіндік алады. Бұл толқынның қандай боларын уақыт көрсетеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отан #әскер #борыг #бозбала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);