Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Париж олимпиадасының өзбекстандық жүлдегерлері мер...

Париж олимпиадасының өзбекстандық жүлдегерлері мерзімінен бұрын подполковник шенін алды

Спорт 30.08.2024, 17:11 1,680
Париж олимпиадасының өзбекстандық жүлдегерлері мерзімінен бұрын подполковник шенін алды
Өзбекстан Ұлттық гвардиясы

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпиондары Баходир Жалолов пен Хасанбой Дусматов мерзімінен бұрын подполковник шенін алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін екеуі де Өзбекстанның Ұлттық гвардиясында капитан болған. 

Жергілікті БАҚ өкілдері мұның айтулы жайт екенін жазуда. Себебі әдетте капитаннан соң майор, сонан соң ғана подполковник шені беріледі.

Бұл шешім қабылданарда былғары қолғап шеберлерінің әлемдік аренада Өзбекстанның намысын асқақтатумен қатар, елдегі қауіпсіздік пен тәртіп орнатуға қосқан үлесі де ескерілген.

Айта кетейік, Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасында 52 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, чемпион атанды. Ширек финалда ол қазақ боксшысы Сәкен Бибосыновпен жұдырықтасып, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті. Бұған дейін Дусматов Рио Олимпиадасында чемпион болған.

Аса ауыр салмақтағы Баходир Жалолов (+92 кг) болса Токио және Париж олимпиадаларында топ жарды. Енді ол спорттағы мансабын кәсіпқой бокста жалғастырмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шен #бокс #өзбек спортшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика