Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Паралимпиадаға 44 спортшы барады

Паралимпиадаға 44 спортшы барады

Спорт 20.08.2024, 08:52 1,055
Паралимпиадаға 44 спортшы барады
the-steppe.com

Қазақстан спортшылары Париж Паралимпиадасына 33 лицензия алды.

XVII жазғы Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Еліміздің пара спортшылары Францияның Париж қаласында өтетін Паралимпиадаға сегізінші мәрте қатысады.

Бұл жерде олар спорттың пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо түрлерінен бақ сынайды. Жарысқа барлығы 44 спортшы қатысады.

10 пара дзюдошы Паралимпиада жүлдесі үшін татамиге шығады.

Берік Ізмағанбетов (волейболды отырып ойнау) пен Севда Алиева (пара нысана көздеу) ту ұстап шығады.

Париждегі Олимпиадағы Паралимпиада қос чемпионы мен екі жүлдегері қатысады.Олар: Зүлфия Ғабидуллина. Ол 2016 жылы Рио Паралимпиадасының чемпионы болған.

Зүлфия Ғабидуллина құрамадағы ең тәжірибелі спортшы болып саналады. Биылы ол төртінші Паралимпиадасына қатысады.

Екіншісі - Токио Паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтярев.

⁠Сонымен бірге Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали, Рио Паралимпиадасының күміс медалисі Раушан Қойшыбаева да тағы да жарыста күш сынасады.

Биылғы додаға Қазақстан құрамасынан Әлфия Тілекқабыл деген 18 жастағы спортшы бара жатыр. Ол құрамадағы ең жас спортшы болып отыр. Спортшы пара дзюдодан күреседі. Ал ең жасы үлкен спортшы – Зүлфия Ғабидуллина. Оның жасы 59-да. Ол пара жүзуден сынға түседі.

Паралимпиадада жоғарыда аты аталған отандастарымыздың жүлде алуға күш-қайраты жетеді. Былайша айтқанда толық мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жүлде алудан мүмкіндігі ден жоқ емес. Қазір ұлттық құрама әлемдік рейтингте 75 елдің ішінде 6-орында тұр.

Қазақстан спортшылары биыл алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Еліміздің намысын бұл сында Әли Мақұлбеков қорғайды.

Сонымен бірге ел намысын пара дзюдодан он спортшы қорғайтын болды. Соның ішінде 73 келі салмақта татамиге шығатын Ерғали Шамейдің жүлде алуға қауқары жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Паралимпиада #париж #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика