Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Паралимпиада чемпионы Нұрдәулет Жұмағалиға көлік п...

Паралимпиада чемпионы Нұрдәулет Жұмағалиға көлік пен пәтер сыйға берілді

Спорт 14.09.2024, 14:10 1,190
Паралимпиада чемпионы Нұрдәулет Жұмағалиға көлік пен пәтер сыйға берілді
Cурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбылдықтар Паралимпиаданың күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиды қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алдымен параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері Әулиеата халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоғымен күтіп алып, жылы лебізін білдірді.

Бұдан соң «Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Өңір басшысы жүзу шеберін айтулы жеңісімен құттықтап, жамбылдықтардың атынан алғыс айтты.

— Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі додада ел мерейін еселеп, қазақстандықтардың сенімін ақтадың. Әсіресе, Жамбыл жұртының абыройын асқақтаттың. Барша жерлестерің сені мақтан тұтады. Әлемнің ең басты спорт сайысында күшті ерік-жігер мен табандылық танытып, нағыз ер азаматқа тән мінез көрсеттің. Рекорд жаңарттың. Сен нағыз батырсың! Бүгінде Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атынып, айтулы жетістікке жеттің. Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісті жолын лайықты жалғай бересің деп сенеміз. 2028 жылы өтетін Паралимпиада ойындарында алтыннан алқа тағып, Әнұранымызды асқақтатып, көк туымызды көкте желбіретуіңе тілектеспін! — деді облыс әкімі.

Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиададағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды.

Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетіліп, Haval M6 автокөлігі берілді.

— Сіздердің қолдауыңыз бен жылы сөздеріңіз жеңіске жетуіме ықпал етті. Жанкүйер болған баршаңызға алғысым шексіз! Алдағы уақытта да байрақты бәсекелерде топ жарып, ел сенімін ақтай беремін, — деді Нұрдәулет Жұмағали.

Айта кетейік, XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына 4 жамбылдық спортшы ел намысын қорғап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Оның ішінде Нұрдәулет Жұмағали мен Зульфия Габидуллина (паражүзу), Өмірәлі Нышан (паратаеквондо) және Салтанат Әбілхасымқызы (пара жеңіл атлетика) бар.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Параспортшы #қошемет #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика