Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Пәкістан мешітіндегі терактіден қаза тапқан 100 ад...

Пәкістан мешітіндегі терактіден қаза тапқан 100 адамның 97-сі – полицей

Әлем 01.02.2023, 03:50 1,381
Пәкістан мешітіндегі терактіден қаза тапқан 100 адамның 97-сі – полицей
Сурет: Ашық дереккөз

Мешітте адам көп болған


Пәкістанның Пешавар қаласында (Ауғанстанмен шекараға жақын Хайбер-Пахтунхва солтүстік-батыс провинциясы) мешітте болған жарылыс салдарынан мерт болғандардың дені – күш құрылымдарының қызметкерлері. Бұл туралы Пәкістан Ішкі істер министрлігінің басшысы Рана Санаулла Ұлттық жиын алдында мәлімдеді. Ол ARIA News телеарнасынан көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Теракт салдарынан 97 полицей мен 3 қарапайым азамат қаза тапты», - деді Санаулла.



Пешавара қаласында дүйсенбі күні болған жарылыстан мерт болғандар саны 100-ге жетіп, жарақат алғандар 200-ден асты.


Ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, жанкешті лаңкес жарылғыш затты мешітке бесін намазы кезінде іске қосқан. Сол сәтте мешітте адам көп болған, оның ішінде полиция қызметкерлері мен әскерилер бар.


Бұған дейін хабарланғандай, леди Рединг атындағы Пешавар ауруханасында төтенше жағдай жарияланды – онда жарақат алғандар көптеп түсіп жатыр, көбінің жағдайы ауыр, медицина қызметкерлері донорлардан қан тапсыруды сұрайды.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алви мен Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады.


Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пәкістан #Жарылыс #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика